KZ
RU
EN
18 қазан 2026, 03:28
KZ
RU
EN
Кіру
02.10.2026 16:04 #Қаржы құралдары

05 қазаннан бастап KASE-де деривативтер нарығында жаңа құралдармен - KZT-ге Қытай юані және KZT-ге Еуро бағамына фьючерстермен сауда-саттық ашылады

/KASE, 02.10.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 05 қазанынан бастап KASE-де қытай юанінің KZTге (CNY/KZT) және еуроның KZT-ге (EUR/KZT) бағамына жеткізілмейтін тоқсандық фьючерстік келісімшарттармен сауда-саттық ашылатынын хабарлайды.

Осылайша, 05 қазаннан бастап KASE-де келесі жаңа фьючерстік келісімшарттармен сауда-саттық қолжетімді болады:

-------------------------------------------
            Сауда- Сауда-саттықтың аяқталуы
Код      саттықтың           (орындау күні)
          басталуы
-------- --------- ------------------------
CN-12.26  05.10.26                 17.12.26
CN-3.27   05.10.26                 18.03.27
CN-6.27   05.10.26                 17.06.27
CN-9.27   05.10.26                 16.09.27
EU-12.26  05.10.26                 17.12.26
EU-3.27   05.10.26                 18.03.27
EU-6.27   05.10.26                 17.06.27
EU-9.27   05.10.26                 16.09.27
-------------------------------------------

2026 жылдың 02 қазанынан бастап Сауда-саттық регламентіне және қаржы құралдарының параметрлеріне № 1 толықтырулар қолданысқа енгізілді.

KASE қазіргі уақытта туынды қаржы құралдарымен сауда-саттық KASE-де жұмыс күндері Астана қ. уақытымен 10:00-ден 17:30-ға дейін, осы сауда- саттық бойынша клирингілік сессия – Астана қ. уақытымен 20:30-дан 21:00- ге дейін өткізілетінін еске салады.

Туынды қаржы құралдарымен биржалық сауда-саттыққа "Туынды құралдар" санатындағы KASE мүшелері қатыса алады, олардың тізімі мына сілтеме бойынша жарияланған толығырақ

KASE-дегі фьючерстердің сауда-саттық нәтижелері мына сілтемелер бойынша жарияланады толығырақ және толығырақ

Сауда-саттық регламенті және қаржы құралдарының параметрлері мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ (закладка "Торги").

[2026-10-02]