Бүгін Қазақстан қор биржасында Ақтөбе облысының жергілікті атқарушы органының облигацияларының төрт шығарылымын орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өткізілуде
/KASE, 21.08.26/ – Бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде Ақтөбе облысының жергілікті атқарушы органының мынадай облигацияларын орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі:
1) KZMJ00003994 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, ABK084_399; 1 000 KZT, 3 094 868 000 KZT; 7 жыл; жылдық купон, жылдық 14,31 %; 30/360) 3 094 868 дана;
2) KZMJ00004000 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, ABK120_400; 1 000 KZT, 1 031 620 000 KZT; 10 жыл; жылдық купон, жылдық 14,31 %; 30/360) 1 031 620 дана;
3) KZMJ00004034 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, ABK084_403; 1 000 KZT, 1 821 712 000 KZT; 7 жыл; жылдық купон, жылдық 14,31 %; 30/360) 1 821 712 дана;
4) KZMJ00004042 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, ABK120_404; 1 000 KZT, 607 236 000 KZT; 10 жыл; жылдық купон, жылдық 14,31 %; 30/360) 607 236 дана.
Өтінімдерді қабылдау Астана қ. уақытымен 14:00-ден 15:30-ға дейін, есептесулерді жүзеге асыру уақыты – Астана қ. уақытымен 16:00-ге дейін жүзеге асырылады.
Баға ретінде өтінімде бағалы қағаздың номиналды құнының пайызымен үтірден кейінгі төртінші белгіге дейінгі дәлдікпен көрсетілген облигациялардың "таза" бағасы (жинақталған сыйақыны есепке алмағанда) көрсетілуі тиіс.
Қаржы құралдарының саны ретінде өтінімде дана облигациялардың саны көрсетілуі тиіс. Өтінімдегі қаржы құралының саны лот мөлшеріне тең немесе еселенген болуы тиіс. Лоттың мөлшері – 1 облигация.
Өтінім көлемі ретінде өтінімде көрсетілген облигациялар санының және бір облигацияның "таза емес" бағасының (жинақталған сыйақыны ескере отырып) туындысы көрсетілуі тиіс.
Сауда-саттыққа KASE сауда-саттық жүйесіне жабық тәсілмен берілген шектелімді өтінімдер ғана қабылданады. Өтінімдерді қанағаттандыру тәсілі: бірыңғай кесімдеу бағасы бойынша, қарсылама өтінімдерді қабылдау уақыты бойынша.
Сауда-саттыққа қатысу үшін өтінімдерді тек KASE қор нарығының мүшелері ғана бере алады. Басқа инвесторлар осы заңды тұлғалар арқылы өтініш бере алады. KASE қор нарығы мүшелерінің тізімі мына сілтеме бойынша жарияланған толығырақ
Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы ішкі нарықта айналымға жіберу үшін бағалы қағаздар шығару ережелері мына сілтеме бойынша жарияланған толығырақ
Сауда-саттықты жүзеге асыру ережелері мына сілтеме бойынша жарияланған толығырақ
Аталған облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланған толығырақ
[2026-08-21]