14 тамызда Қазақстан қор биржасында жергілікті атқарушы органдар облигацияларының жеті шығарылымын орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өтеді
/KASE, 13.08.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 14 тамызында KASE сауда-саттық жүйесінде мынадай облигацияларды орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өтетінін хабарлайды:
1) Шығыс-Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органының KZMJ00003283 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, VKK024_328; 1 000 KZT, 11 924 416 000 KZT; 22.06.26 – 22.06.28; жарты жылдық купон, жылдық 0,35%; 30/360) 1 292 791 данасы;
2) Қарағанды облысының жергілікті атқарушы органының KZMJ00003135 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, KGK024_313; 1 000 KZT, 5 000 000 000 KZT; 20.05.26 – 20.05.28; жарты жылдық купон, жылдық 0,35%; 30/360) 1 354 673 данасы;
3) Қостанай облысының жергілікті атқарушы органының KZMJ00002913 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, KSK024_291; 1 000 KZT, 11 073 923 000 KZT; 27.03.26 – 27.03.28; жарты жылдық купон, жылдық 0,35%; 30/360) 1 336 228 данасы;
4) Солтүстік-Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органының KZMJ00002954 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, SKK024_295; 1 000 KZT, 9 365 457 000 KZT; 27.03.26 – 27.03.28; жарты жылдық купон, жылдық 0,35%; 30/360) 2 745 473 данасы;
5) Түркістан облысының жергілікті атқарушы органының KZMJ00003218 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, TKK024_321; 1 000 KZT, 9 206 325 000 KZT; 29.05.26 – 29.05.28; жарты жылдық купон, жылдық 0,35%; 30/360) 3 407 185 данасы;
6) Алматы облысының жергілікті атқарушы органының KZMJ00003820 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, ATK022_382; 1 000 KZT, 3 000 000 000 KZT; 22 ай; жарты жылдық купон, жылдық 4,25%; 30/360) 1 497 984 данасы;
7) Шымкент облысының жергілікті атқарушы органының KZSJ00000234 (("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, SHK022_023; 1 000 KZT, 20 395 113 000 KZT; 21.05.26 – 21.03.28; жарты жылдық купон, жылдық 25 %; 30/360) 5 480 563 данасы.
Өтінімдерді қабылдау Астана қ. уақытымен 14:00-ден 15:30-ға дейін, есептесулерді жүзеге асыру уақыты – Астана қ. уақытымен 16:00-ге дейін жүзеге асырылады.
Баға ретінде өтінімде бағалы қағаздың номиналды құнының пайызымен үтірден кейінгі төртінші белгіге дейінгі дәлдікпен көрсетілген облигациялардың "таза" бағасы (жинақталған сыйақыны есепке алмағанда) көрсетілуі тиіс.
Қаржы құралдарының саны ретінде өтінімде дана облигациялардың саны көрсетілуі тиіс. Өтінімдегі қаржы құралының саны лот мөлшеріне тең немесе еселенген болуы тиіс. Лоттың мөлшері – 1 облигация.
Өтінім көлемі ретінде өтінімде көрсетілген облигациялар санының және бір облигацияның "таза емес" бағасының (жинақталған сыйақыны ескере отырып) туындысы көрсетілуі тиіс.
Сауда-саттыққа KASE сауда-саттық жүйесіне жабық тәсілмен берілген шектелімді өтінімдер ғана қабылданады. Өтінімдерді қанағаттандыру тәсілі: бірыңғай кесімдеу бағасы бойынша, қарсылама өтінімдерді қабылдау уақыты бойынша.
Сауда-саттыққа қатысу үшін өтінімдерді тек KASE қор нарығының мүшелері ғана бере алады. Басқа инвесторлар осы заңды тұлғалар арқылы өтініш бере алады. KASE қор нарығы мүшелерінің тізімі мына сілтеме бойынша жарияланған толығырақ
Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы ішкі нарықта айналымға жіберу үшін бағалы қағаздар шығару ережелері мына сілтеме бойынша жарияланған толығырақ
Сауда-саттықты жүзеге асыру ережелері мына сілтеме бойынша жарияланған толығырақ
Аталған облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланған толығырақ
[2026-08-13]