KZ
RU
EN
11 шілде 2026, 18:51
KZ
RU
EN
Кіру
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
08.07.2026 13:23 #Сауда-саттық ақпараты

Бүгін сағат 14:00-ден 14:30-ға дейін Қазақстан қор биржасында "Самұрық-Қазына"ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ KZ2C00016836 (JSBNb33) облигацияларын қосымша орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өткізілетін болады

/KASE, 08.07.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) бүгін "Самұрық- Қазына"ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ KZ2C00018836 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, SKKZb33) облигацияларын төменде келтірілген шарттармен (Астана қ. уақыты) қосымша орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізілетінін хабарлайды.

-----------------------------------------------------------------------------------------------
Бағалы қағаздардың түрі:                купондық облигациялар                                  
ISIN:                                   KZ2C00018836                                           
KASE сауда-саттық коды:                 SKKZb33                                                
Номиналды құны, KZT:                    1 000,00                                               
Шығарылым көлемі, KZT:                                                                         
– тіркелген:                            51 350 000 000                                         
– орналастырылған:                      –                                                      
Айналымның басталу күні:                08.07.26                                               
Айналымның соңғы күні:                  07.07.41                                               
Өтеудің басталу күні:                   08.07.41                                               
Айналым мерзімі:                        15 жыл (5 400 күн)                                     
Купон мөлшерлемесі:                     құбылмалы (TONIA Compounded Index + тиянақталған купон)
Купондарды төлеу мерзімділігі:          жылына 2 рет                                           
Купондарды төлеудің басталу күндері:    жылда 08 қаңтарда және                                 
                                        08 шілдеде                                             
Уақыттық база:                          30 / 360                                               
--------------------------------------- -------------------------------------------------------
Сауда-саттық күні:                      08.07.26                                               
Хабарланған қосымша орналастыру көлемі, 32 350 000 000                                         
KZT:                                                                                           
Өтінімдерді қабылдау уақыты:            14:00–14:30                                            
Өтінімдерді растау уақыты:              14:00–14:30                                            
Кесімдеу уақыты:                        15:00 (Т+0)                                            
Төлем күні мен уақыты:                  08.07.26, 15:00                                        
Сауда-саттықты өткізудің бастамашысы:   "Halyk Finance" АҚ                                     
-----------------------------------------------------------------------------------------------

Есептесулерді "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ өзінің ережелер жинағына сәйкес жүзеге асырады. Бағалы қағаздарды сатып алушы "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ шотында өзі сатып алған бағалы қағаздарға ақы төлеуге ақшаның төленетін уақыт кестесінде көрсетілгенге дейін болуын қамтамасыз етуге міндетті.

Сауда-саттыққа қатысу үшін өтінімдерді тек KASE қор нарығының мүшелері ғана бере алады. Басқа инвесторлар осы заңды тұлғалар арқылы өтініш бере алады. KASE мүшелерінің толық тізімі мына сілтеме бойынша жарияланған толығырақ

САуда-саттықты жүзеге асыру ережелері мына сілтеме бойынша жарияланған толығырақ

Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толық ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ

[2026-07-08]