KASE өзінің интернет-ресурсында Freedom Holding Corp. ұсынған маусым айындағы Қазақстанның қызмет көрсету саласының PMI шолуын жариялады
/KASE, 03.07.26/ – Freedom Holding Corp. Қазақстан қор биржасына (KASE) 2026 жылдың маусым айындағы Қазақстанның қызмет көрсету саласының іскерлік белсенділік индексіне (PMI) шолу ұсынды.
Төменде Freedom Holding Operations ЖШС Экономикалық зерттеулер және талдау жетекшісі Салтанат Мұхамбеталиеваның пікірлері келтірілген:
"Қазақстанның қызмет көрсету саласы маусым айының қорытындысы бойынша өңдеуші салалардағы баяу серпін аясында экономиканың ең орнықты бөлігі болып қала берді. Соған қарамастан, іскерлік белсенділіктің салыстырмалы түрде жоғары деңгейі сақталғанымен, қызмет көрсету саласындағы компаниялар жұмысқа қабылдау мәселесінде әлі де сақтық танытып отыр. Сонымен қатар, соңғы үш айда сатып алу және сату бағаларының субиндекстері арасындағы алшақтық 2020–2022 жылдарға тән деңгейлерге қайта оралып, маржиналдылыққа түсетін қысымды едәуір күшейтті. Осындай жағдайда нарық қатысушыларының сақталып отырған бірқалыпты оптимизмі төлем қабілетті сұраныстың біртіндеп қалпына келуіне және ресурстар құнының өсу қарқынының баяулауына деген үмітпен байланысты болуы мүмкін".
Қазақ тіліндегі шолу – толығырақ
Орыс тіліндегі шолу – толығырақ
Ағылшын тіліндегі шолу – толығырақ
[2026-07-03]