KZ
RU
EN
22 маусым 2026, 21:47
KZ
RU
EN
Кіру
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
22.06.2026 09:42 #Сауда-саттық ақпараты

Бүгін Қазақстан қор биржасында жергілікті атқарушы органдар облигацияларының екі шығарылымын орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өткізілуде

/KASE, 22.06.26/ – Бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде мынадай облигацияларды орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі:

1) Ақтөбе облысының жергілікті атқарушы органының KZMJ00003309 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, ABK024_330; 1 000 теңге, 4 234 816 000 теңге; 24 ай; жарты жылдық купон, жылдық 0,35%; 30/360) 2 234 816 данасы;

2) Шығыс-Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органының KZMJ00003283 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, VKK024_328; 1 000 теңге, 11 924 416 000 теңге; 24 ай; жарты жылдық купон, жылдық 0,35%; 30/360) 7 000 000 данасы.

KZMJ00003309 (ABK024_330) бойынша өтінімдерді қабылдау Астана қ. уақытымен сағат 14:00-ден 15:00-ге дейін, есептесулерді жүзеге асыру уақыты – Астана қ. уақытымен сағат 15:30-ға дейін жүзеге асырылады.

KZMJ00003283 (VKK024_328) бойынша өтінімдерді қабылдау Астана қ. уақытымен сағат 14:00-ден 15:30-ға дейін, есептесулерді жүзеге асыру уақыты – Астана қ. уақытымен сағат 16:00-ге дейін жүзеге асырылады.

Баға ретінде өтінімде бағалы қағаздың номиналды құнының пайызымен үтірден кейінгі төртінші белгіге дейінгі дәлдікпен көрсетілген облигациялардың "таза" бағасы (жинақталған сыйақыны есепке алмағанда) көрсетілуі тиіс.

Қаржы құралдарының саны ретінде өтінімде дана облигациялардың саны көрсетілуі тиіс. Өтінімдегі қаржы құралының саны лот мөлшеріне тең немесе еселенген болуы тиіс. Лоттың мөлшері – 1 облигация.

Өтінім көлемі ретінде өтінімде көрсетілген облигациялар санының және бір облигацияның "таза емес" бағасының (жинақталған сыйақыны ескере отырып) туындысы көрсетілуі тиіс.

Сауда-саттыққа KASE сауда-саттық жүйесіне жабық тәсілмен берілген шектелімді өтінімдер ғана қабылданады. Өтінімдерді қанағаттандыру тәсілі: бірыңғай кесімдеу бағасы бойынша, қарсылама өтінімдерді қабылдау уақыты бойынша.

Сауда-саттыққа қатысу үшін өтінімдерді тек KASE қор нарығының мүшелері ғана бере алады. Басқа инвесторлар осы заңды тұлғалар арқылы өтініш бере алады. KASE қор нарығы мүшелерінің тізімі мына сілтеме бойынша жарияланған толығырақ

Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы ішкі нарықта айналымға жіберу үшін бағалы қағаздар шығару ережелері мына сілтеме бойынша жарияланған толығырақ

Сауда-клирингілік жүйелерде сауда-саттық өткізу әдістері туралы қағида мына сілтеме бойынша жарияланған толығырақ

Аталған облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланған толығырақ

[2026-06-22]