KZ
RU
EN
12 мамыр 2026, 17:44
KZ
RU
EN
Кіру
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
06.05.2026 10:39 #Корпоративтік уақиғалар

"Эйр Астана" АҚ 2026 жылдың бірінші тоқсаны бойынша қызмет нәтижелерін хабарлады

/KASE, 06.05.26/ – "Эйр Астана" АҚ (KASE тикері – AIRA) мынадай ақпаратты хабарлады:

дәйексөздің басы

"Эйр Астана" АҚ (бұдан әрі – "Компания" және еншілес FlyArystan әуе компаниясымен бірге – "Топ") табыс көлемі мен әуе паркінің мөлшері бойынша Орталық Азия және Кавказ өңірлеріндегі жетекші әуе компаниялар тобы бола отырып, 2026 жылғы 31 наурызда аяқталған бірінші тоқсанның нәтижелерін жариялайды. ... Бірінші тоқсанның негізгі нәтижелері Жүктеме коэффициентінің жақсаруымен кіріс пен жолаушылар ағынының өсуі.

  • Жиынтық кіріс пен өзге де табыстар 13,2 % өсіп, 331,0 млн АҚШ долларын құрады (2025 ж. 1-тоқсан: 292,4 млн АҚШ доллары)
  • EBITDAR 19,6 % төмендеп 48,2 млн АҚШ долларын құрады (2025 ж. 1- тоқсан: 59,9 млн АҚШ доллары). EBITDAR маржасы 5,9 т.п.-ке қысқарып 14,6 %-ды құрады (2025 ж. 1-тоқсан: 20,5 %).
  • Таза пайда -21,1 млн АҚШ долларына дейін төмендеді (2025 ж. 1- тоқсан: -7,3 млн АҚШ доллары).
  • ПККМ 0,7 % өсіп, 4,72 млрд құрады (2025 ж. 1-тоқсан: 4,69 млрд).
  • ВПКМ 3,0 % өсіп, 3,94 млрд құрады (2025 ж. 1-тоқсан: 3,82 млрд).
  • Тоқсан қорытындысы бойынша ПККМ бойынша табыстар мен шығыстар арасындағы айырма теріс болды:
  • ПККМ бойынша табыстар 12,4 % өсіп, 7,01 АҚШ центін құрады (2025 ж. 1-тоқсан: 6,23 АҚШ центі).
  • ПККМ бойынша шығыстар 19,8 % өсіп, 7,30 АҚШ центін құрады (2025 ж. 1-тоқсан: 6,09 АҚШ центі).
  • Топ тасымалдаған жолаушылар саны тұрақты болып қалып 1,95 млн адамды құрады (2025 ж. 1-тоқсан: 2,01 млн адам), ал орташа жүктеме коэффициенті 83,3 %-ға дейін жақсарды (2025 ж. 1-тоқсан: 81,5 %).

дәйексөздің соңы

- Баспасөз релизінің қазақ тіліндегі толық нұсқасы– толығырақ

- Баспасөз релизінің орыс тіліндегі толық нұсқасы – толығырақ

- Баспасөз релизінің ағылшын тіліндегі толық нұсқасы – толығырақ

[2026-05-06]