KZ
3 сәуір 2026, 13:02
KZ
Кіру
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
01.04.2026 15:28 #Корпоративтік уақиғалар

KASE өзінің интернет-ресурсында Freedom Holding Corp. компаниясының наурыз айына Қазақстанның өңдеуші салаларының PMI шолуын жариялады

/KASE, 01.04.26/ – Freedom Holding Corp. Қазақстан қор биржасына (KASE) 2026 жылдың наурызда Қазақстанның өңдеуші салаларының іскерлік белсенділік индексіне (PMI) шолу ұсынды.

Төменде Freedom Holding Operations ЖШС Экономикалық зерттеулер және талдау жетекшісі Салтанат Мұхамбеталиеваның пікірі келтірілген:

"Наурыз айындағы PMI деректері Қазақстандағы өндірушілердің жыл басында сұраныстың бәсең болуына байланысты операцияларын айтарлықтай қысқартқанын көрсетті. Әсіресе өндіріс көлемі, жұмыспен қамту және сатып алу белсенділігі күрт төмендегені айқын байқалды. Соған қарамастан, жаңа тапсырыс санының азаюы ақпанға қарағанда айтарлықтай емес және қалыпты деңгейде болды. Бұл сұраныс артатын күн алыс емес деген үміттің оянуына, фирмалар жұмысын қайта жандандырып, қуатын арттыруға жетеледі.

Сауалнаманың баға индекстері жыл басында байқалған айтарлықтай өсімнен кейін инфляциялық қысымның бәсеңдеп келе жатқанын көрсетіп отырғаны қуантады. Фирмалар әлі де қаңтардағы ҚҚС өсімінің әсерін сезініп отырса да, алдағы айларда бұл әсерлер біртіндеп жойылады деген үміт басым".

Қазақ тіліндегі шолу – толығырақ

Орыс тіліндегі шолу – толығырақ

Ағылшын тіліндегі шолу – толығырақ

[2026-04-01]