05 қаңтардан бастап Қазақстан қор биржасында 2026 жылдың ақпанында және желтоқсанында орындалатын фьючерстермен сауда-саттық ашылады
/KASE, 05.01.26/ – 05 қаңтардан бастап Қазақстан қор биржасында (KASE) төмендегі жеткізілімсіз фьючерстермен сауда-саттық ашылады:
1) "Қазақстан Халық Банкі" АҚ жай акциялары, коды – HSBK-12.26, айналыста болатын соңғы күн – 2026 жылғы 17 желтоқсан;
2) "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясы" АҚ жай акциялары, коды – KZAP-12.26, айналыста болатын соңғы күн – 2026 жылғы 17 желтоқсан;
3) KASE индексі, коды – KX-12.26, айналыста болатын соңғы күн – 2026 жылғы 17 желтоқсан;
4) АҚШ долларының теңгеге бағамы, коды – US-12.26, айналыста болатын соңғы күн – 2026 жылғы 17 желтоқсан;
5) Ресей рублінің теңгеге бағамы, коды – RU-2.26, айналыста болатын соңғы күн – 2026 жылғы 19 желтоқсан;
6) Ресей рублінің теңгеге бағамы, коды – RU-12.26, айналыста болатын соңғы күн – 2026 жылғы 17 желтоқсан.
KASE қазіргі уақытта туынды қаржы құралдарымен сауда-саттық KASE-де жұмыс күндері Астана қаласы уақытымен 10:00-ден 17:30-ға дейін жүргізілетінін, ал осы сауда-саттық бойынша клирингілік сессия 20:30-дан 21:00-ге дейін өтетінін еске салады.
Туынды қаржы құралдарымен биржалық сауда-саттыққа KASE деривативтер нарығының клирингілік қатысушылары қатыса алады, олардың тізімі KASE интернет-ресурсында мына сілтеме бойынша жарияланған: толығырақ
KASE-дегі фьючерстермен сауда-саттық нәтижесі мына сілтемелер бойынша жарияланады: толығырақ және толығырақ
KASE-дегі деривативтер нарығының жұмыс тәртібін реттейтін ішкі құжаттар мына сілтеме бойынша жарияланған: толығырақ ("Сауда- саттық" – "Деривативтер" бетбелгісі).
[2026-01-05]