KZ
15 қыркүйек 2025, 21:43
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
12.09.2025 09:11 #Сауда-саттық ақпараты

Бүгін Қазақстан қор биржасында жергілікті атқарушы органдар облигацияларының үш шығарылымын орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өтеді

/KASE, 12.09.25/ – Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор биржасы (KASE) сауда жүйесінде мынадай облигацияларды орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өтетінін хабарлайды:

1) Жамбыл облысының жергілікті атқарушы органының KZMJ00002137 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, DZK024_213; 1 000 теңге, 11 846 608 000 теңге; 18.04.25 – 18.04.27; жартыжылдық купон, жылдық 0,35 %; 30/360) 1 000 000 данасы;

2) Батыс-Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органының KZMJ00002228 (("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, ZKK024_222, 1 000 теңге, 2 759 318 000 теңге; 16.07.25 – 16.07.27; жартыжылдық купон, жылдық 0,35 %; 30/360) 796 351 данасы;

3) Қостанай облысының жергілікті атқарушы органының KZMJ00002111 (("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, KSK024_211; 1 000 теңге, 11 335 671 000 теңге; 18.04.25 – 18.04.27; жартыжылдық купон, жылдық 0,35 %; 30/360) 1 000 000 данасы.

Өтінімдерді қабылдау Астана қ.уақытымен 14:00-ден 15:30-ға дейін, есептеулерді жүзеге асыру уақыты – Астана қ. уақытымен 16:00-ге дейін жүзеге асырылады.

Баға ретінде өтінімде бағалы қағаздың номиналды құнының пайызымен үтірден кейінгі төртінші белгіге дейінгі дәлдікпен көрсетілген облигациялардың "таза" бағасы (жинақталған сыйақыны есепке алмағанда) көрсетілуі тиіс.

Қаржы құралдарының саны ретінде өтінімде дана облигациялардың саны көрсетілуі тиіс. Өтінімдегі қаржы құралының саны лот мөлшеріне тең немесе еселенген болуы тиіс. Лоттың мөлшері – 1 облигация.

Өтінім көлемі ретінде өтінімде көрсетілген облигациялар санының және бір облигацияның "таза емес" бағасының (жинақталған сыйақыны ескере отырып) туындысы көрсетілуі тиіс.

Сауда-саттыққа KASE сауда-саттық жүйесіне жабық тәсілмен берілген шектелімді өтінімдер ғана қабылданады. Өтінімдерді қанағаттандыру тәсілі: бірыңғай кесімдеу бағасы бойынша, қарсылама өтінімдерді қабылдау уақыты бойынша.

Сауда-саттыққа қатысу үшін өтінімдерді тек KASE қор нарығының мүшелері ғана бере алады. Басқа инвесторлар осы заңды тұлғалар арқылы өтініш бере алады. KASE қор нарығы мүшелерінің тізімі мына сілтеме бойынша жарияланған толығырақ

Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы ішкі нарықта айналымға жіберу үшін бағалы қағаздар шығару ережелері мына сілтеме бойынша жарияланған толығырақ

Сауда-клирингілік жүйелерде сауда-саттық өткізу әдістері туралы қағида мына сілтеме бойынша жарияланған толығырақ

Аталған облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланған толығырақ

[2025-09-12]