KZ
6 шілде 2025, 04:46
old.kase.kz-ке өту
Қазақша

Талдаулар мен шолулар

Қазақстанның қаржы нарығының секторлары туралы ақпаратты көрсету, нарық конъюнктурасына әсер еткен негізгі уақиғалар мен үрдістерге шолу
 

Ақпарат/
Талдаулар мен шолулар
Нарықтарды талдау
Нарық шолулары
Тақырыптық талдау
МБҚ нарығына шолу
Ақпараттық бюллетень
Күнделікті нарық шолуы
Апталық нарық шолуы

ҚОР НАРЫҒЫ
KASE Индексінің мәні жұма күні 0,67%-ға өсіп, 6 113,14 тармақты құрады. Өкілдік тізімдегі акциялар арасында ең көп мәмілелер «Қазақстан Халық Банкі» АҚ акцияларымен жасалды – 3 988. Мәмілелердің ең үлкен көлемі де осы эмитенттің акцияларына тиесілі болды – 219,6 млн теңге. Өсімді тоғыз эмитенттің – «Қазақстан Халық Банкі» АҚ (+2,50%), «Банк ЦентрКредит» АҚ (+1,24%), «Кселл» АҚ (+0,60%), «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ (+0,54%), «Эйр Астана» АҚ (+0,40%), «Қазахтелеком» АҚ (+0,36%), Kaspi.kz АҚ (+0,26%), «ҚазТрансОйл» АҚ (+0,23%) және «KEGOC» АҚ (+0,16%) акциялары көрсетті.

АҚША НАРЫҒЫ

Мемлекеттік бағалы қағаздармен (МБҚ) бір күндік мерзімге (TONIA) репо операцияларының кірістілігі 1 б.п.-қа өсіп, жылдық 15,52% құрады. Ақша нарығының бір күндік құралдарымен сауда-саттықтың жиынтық көлемі 294,411 млрд теңгені құрады.

ВАЛЮТА НАРЫҒЫ
Жұма күні сағат 17:00-де сауда-саттық қорытындысы бойынша «ертең» есеп айырысу мерзімімен АҚШ долларының теңгеге шаққандағы орташа өлшенген бағамы 519,50 теңгені құрады. Ұлттық валюта 0,01 теңгеге нығайды. Сауда-саттық көлемі 229,739 млн АҚШ долларын құрады. Барлығы 665 мәміле жасалды. Минималды баға – 518,93 теңге, максималды баға – 520,06 теңге, соңғы мәміленің бағасы – 519,60 теңге болды.

Лондон ICE Futures биржасында Brent мұнайының қыркүйек фьючерстерінің құны жұма күні Алматы уақытымен сағат 18.00-де 0,68%-ға төмендеп, барреліне 68,33 долларды құрады.

Өзекті ақпарат

ИНВЕСТОРЛАРҒА Эмитенттер
САУДА-САТТЫҚҚА ҚАТЫСУШЫЛАРҒА Биржа мүшелері
ИНДЕКСТЕР Ақша нарығының индикаторлары
АҚПАРАТ KASE ережелері
САУДА-САТТЫҚҚА ҚАТЫСУШЫЛАРҒА Сауда-саттық және клиринг регламенті
НАРЫҚТАР Акциялар