KZ
RU
EN
28 қыркүйек 2026, 05:33
KZ
RU
EN
Кіру

Біздің тұрақты даму тәсіліміз

KASE Тобы тұрақты даму қағидаттарын стратегиясы мен операциялық қызметіне халықаралық қағидаттар мен стандарттарды, реттеуші талаптарды және мүдделі тараптардың күтулерін басшылыққа ала отырып интеграциялайды. Бірыңғай тәсілді бекіту мақсатында KASE Тобының Тұрақты даму саясаты қабылданды, ол ESG-факторларын KASE Тобының қызметіне интеграциялаудың негізгі қағидаттарын, басымдықтары мен тетіктерін айқындайды.

KASE Тобы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметті жүзеге асырады және өз қызметінің тұрақты даму саласындағы халықаралық қағидаттарға, нормалар мен стандарттарға, оның ішінде БҰҰ Жаһандық шартының қағидаттарына, БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына, Париж келісімінің ережелеріне және көпұлтты кәсіпорындарға арналған ЭЫДҰ-ның басшылық қағидаттарына, сондай-ақ тұрақты дамудың өзге де танылған қағидаттарына сәйкестігін қамтамасыз етуге ұмтылады, олардың талаптары мен ұсынымдарын өз қызметіне интеграциялайды.

Биржа ұлттық және халықаралық климаттық мақсаттарды қолдай отырып, экологиялық тәуекелдерді төмендетуге және тұрақты қаржыландыруды дамытуға ықпал етеді.

Негізгі бағыттар

  • тұрақты қаржы құралдары нарығын және жауапты қаржыландыру практикасын дамыту;
  • эмитенттер мен инвесторларға арналған білім беру іс-шаралары арқылы климаттық күн тәртібін ілгерілету;
  • 2024 жылдан бастап Net Zero Financial Services Providers Alliance (Exchange Group) ұйымына қатысу және Париж келісімінің мақсаттарын қолдау;
  • ресурстарды ұтымды пайдалану және экологиялық ізді азайтуға бағытталған "Жасыл офис" бағдарламасын іске асыру.

Биржа ұлттық және халықаралық климаттық мақсаттарды қолдай отырып, экологиялық тәуекелдерді төмендетуге және тұрақты қаржыландыруды дамытуға ықпал етеді.

Негізгі бағыттар

  • тұрақты қаржы құралдары нарығын және жауапты қаржыландыру практикасын дамыту;
  • эмитенттер мен инвесторларға арналған білім беру іс-шаралары арқылы климаттық күн тәртібін ілгерілету;
  • 2024 жылдан бастап Net Zero Financial Services Providers Alliance (Exchange Group) ұйымына қатысу және Париж келісімінің мақсаттарын қолдау;
  • ресурстарды ұтымды пайдалану және экологиялық ізді азайтуға бағытталған "Жасыл офис" бағдарламасын іске асыру.
Адиль МухамеджановKASE Басқарма төрағасы

KASE Басқарма төрағасының хаты

"2025 жыл Биржа үшін маңызды трансформация кезеңі болды. Біз ESG бағытын ұстануымызды жалғастырып, оны жүйелі түрде дамытуға берік негіз қалыптастырдық. Біз үшін даму деңгейін айқындап, келесі қадамдарды жоспарлау және қол жеткізілген нәтижелерді тұрақты түрде бағалай отырып, дәйекті әрі ашық ілгерілеу ерекше маңызды.

Біздің басты міндетіміз – Биржа айналасында мықты кәсіби қауымдастық қалыптастыру және клиенттер үшін ESG тәсілдерінің нақты құндылығын көрсету. KASE тұрақты қаржы нарығын дамытуға және стандарттарды айқындауға қабілетті инфрақұрылымдық институт ретінде айтарлықтай әлеуетке ие.

KASE ESG бағытын ұзақмерзімді негізде дамытуды және қаржы нарығына қатысушылар үшін нақты құндылық жасауды көздейді."

Толығырақ

Негізгі көрсеткіштер

11
2025 ESG облигациялардың жаңа шығарылымы
1,3 трлн KZT-ден асады
2026 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша тартылған қаражат көлемі
1,7 трлн KZT-ден асады
2026 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша ESG облигацияларының жалпы көлемі
55%
Орташа басшылық қызметтегі әйелдер құрайды
7
ШОБ облигациясының шығарылымы субсидияланған купондық мөлшерлемемен қамтамасыз етілді
50%
Басқарма құрамына кіретін әйелдер санының пайызы
10%
Директорлар кеңесіндегі әйелдер үлесі
2024 жылы
Алғаш рет тұрақты даму облигациялары орналастырылды

Кәсіби ұйымдарға қатысу

Халықаралық ынтымақтастық және тұрақты даму департаменті
Тұрақты даму және ESG мәселелері бойынша байланыс:
Телефондар
+7 (727) 237 53 00
+7 (727) 237 53 11

Өзекті ақпарат

ИНВЕСТОРЛАРҒА Құралдар тізімі
ИНВЕСТОРЛАРҒА Эмитенттер
ИНДЕКСТЕР Ақша нарығының индикаторлары
АҚПАРАТ Сауда-саттық нәтижелері
АҚПАРАТ KASE ережелері
САУДА-САТТЫҚҚА ҚАТЫСУШЫЛАРҒА Сауда-саттық және клиринг регламенті