KZ
22 сәуір 2025, 17:01
old.kase.kz-ке өту
Қазақша

Қалай инвестор болуға болады

Жеке қаржы саласындағы әрбір адамның негізгі мақсаты – жинақталған ақшаны сақтау және көбейту. Қор нарығының құралдарын дұрыс пайдаланылған кезде, ақшаны баға ауытқуларынан қорғауға және қосымша табыс табуға көмектеседі
Инвестициялау туралы не білуіңіз керекҚор нарығының құралдары дұрыс пайдаланылған кезде жинақтарды инфляциядан қорғауға және қосымша табыс көздерін құруға мүмкіндік береді

Бос ақша

Инвестиция сізге жақын арада қажет болмайтын бос ақша есебінен ғана болуы керек. Ешқандай жағдайда инвестиция үшін несие мен қарыз алудың қажеті жоқ.

Алдын ала талдау

Сіз өзіңіз түсінетін құралдарға ғана инвестиция салуыңыз керек. Бағалы қағаздардың түрлерін, олардың тәуекелдерін және олардан ақша табу жолдарын әбден зерттеңіз. Тәуекелдерді талдау, сапалы қағаздарды таңдау және әртараптандыру арқылы азайтуға болады.

Алаяқтық және кепілдіктер

Бағалы қағаздар нарығында кепілдік жоқ. Жоғары кірісті және кепілдендірілген инвестициялар туралы уәде – алаяқтықтың белгілерінің бірі.

Кірістілік және тәуекелдер

Инвестициялау әрқашан тәуекелдермен қатар жүреді. Қаржы нарығында тәуекел мен кірістің арақатынасы ережесі қолданылады: күтілетін кірістілік неғұрлым жоғары болса, тәуекел соғұрлым жоғары болады.

KASE-де неге инвестициялау керекИнвесторлар үшін KASE-де акциялар, мемлекеттік және корпоративтік бағалы қағаздар, инвестициялық пайлар (ИПҚ және ETF), жаһандық депозитарлық қолхаттар, фьючерстер сияқты бағалы қағаздар мен құралдар бар

Қор нарығы

Валюталық нарық

Ақша нарығы

Мерзімдік нарық

Қалай инвестор болуға болады
Брокерді таңдау

Қызмет көрсету туралы келісім-шартын жасасыңыз

Брокерлердің тізіміне өту
1
Шотты ашыңыз

Сіз таңдаған брокер сізге ыңғайлы түрде сіздің атыңызға шот ашады

2
Шотты толтыру

Сіз таңдаған брокер, шотты сізге оңтайлы түрде толтыруды ұсынады

3
Платформаны таңдау

Әрбір брокердің жеке тапсырыстар қабылданатын әртүрлі
платформалары бар

4
Бағалы қағаздарды сатып алуға тапсырма беру

Бағалы қағаздар брокерге бағалы қағаздарды сатып алуға тапсырыс (бұйрық) берілгеннен кейін сатып алынады

Құралдарға өтіңіз
5

Алаяқтықтан қалай аулақ болуға болады

Алаяқтықты болдырмау үшін сізге ақша салуды ұсынатын компания туралы ақпаратты әрқашан қайта тексеруді ұсынамыз. Ақпаратты тек реттеушінің, KASE және брокерлердің ресми сайттарынан пайдаланыңыз және оларда көрсетілген телефондарға өзіңіз қоңырау шалыңыз. Түсініксіз сілтемелерге өтпеңіз және алдын ала тексерусіз жарнамалардан мобильді қосымшаларды орнатпаңыз
Іс-шаралар дайджесті
Инвестициялық сауаттылық негіздері
Менің KASE портфелім
PRO IPO: нені білу керек және қалай қатысу керек

Өзекті ақпарат

ИНВЕСТОРЛАРҒА Құралдар тізімі
ИНВЕСТОРЛАРҒА Эмитенттер
САУДА-САТТЫҚҚА ҚАТЫСУШЫЛАРҒА Биржа мүшелері
ИНВЕСТОРЛАРҒА Оқыту материалдары
АҚПАРАТ Сауда-саттық нәтижелері
АҚПАРАТ Сауда-саттықтарды қарау