/KASE, 10.01.25/ – "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ (KASE тикері –
KMGZ) былай деп хабарлады:
дәйексөздің басы
09.01.2025
Мемлекет басшысы "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ Басқарма төрағасы Асхат
Хасеновті қабылдады
Президентке ұлттық компанияның былтыр атқарған жұмысы жөнінде есеп
берілді. Асхат Хасеновтің айтуынша, "ҚазМұнайГаз" компаниялар тобы өткен
жылы мұнай және конденсат өндіру көлемін 23,8 миллион тоннаға жеткізді.
Бұл – 2023 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 1,3 пайызға артық. Мұнай
өндіру деңгейін сақтап тұру үшін Технологиялық сын-қатерлер бағдарламасы
іске асырылып жатыр. Жоба әрбір кен орнындағы мұнай өндіру көлемін
арттыруда сараланған әдістерді қолдануды қарастырады.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қаламқас-теңіз жобасын жобалау басталғаны
жөнінде баяндалды. Оның құны құны 6,4 миллиард долларды құрайды.
Былтыр Торғай Палеозой, Қаратон Подсолевой, Қаражар және Тайсойған
ұңғымаларында бұрғылау жұмыстары басталды. Олардың мұнай қоры
800 миллион тоннадан асады.
Мемлекет басшысына былтыр мұнай тасымалдау көлемі 2023 жылмен
салыстырғанда 4 пайызға артып, 83,6 миллион тоннаны құрағаны жайында
айтылды.
2024 жылы отандық мұнай өңдеу зауыттарында 17,44 миллион тонна мұнай
өңделді. Ішкі нарықты қамтамасыз ету үшін жеңіл мұнай өнімдері өндірісін
2023 жылмен салыстырғанда 370 мың тоннаға ұлғайту шаралары
қабылданды.
дәйексөздің соңы
Қазақ тіліндегі пресс-релиздің толық нұсқасы –
https://kase.kz/files/emitters/KMGZ/kmgz_relizs_090125_kz.pdf
Орыс тіліндегі пресс-релиздің толық нұсқасы –
https://kase.kz/files/emitters/KMGZ/kmgz_relizs_090125_1.pdf
Ағылшын тіліндегі пресс-релиздің толық нұсқасы –
https://kase.kz/files/emitters/KMGZ/kmgz_relizs_090125_en.pdf
[2025-01-10]