/KASE, 13.12.24/ – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) акциялардың сауда-саттық
қорытындысы бойынша 2024 жылдың 13 желтоқсанында KASE Индексінің мәні
39,68 тармаққа (0,71%) 5 594,20 тармақтан 5 554,52 тармаққа дейін
төмендеді.
Осы күні жасалған бірінші мәміле индексті 5 594,20 тіркеді. Сауда-саттық
барысында индекстің максималды мәні 5 595,02, ал минималдысы 5 550,45 құрады.
KASE Индексінің өкілетті тізіміне енгізілген акциялармен 13 желтоқсанда
жасалған мәмілелер көлемі алдыңғы сауда-саттық күнімен салыстырғанда 5,3 есе
өсіп, 2 188,1 млн теңгені (4 184,4 мың USD) құрады.
Сауда-саттық қорытындысы бойынша KASE Индексінің есептік
базисінің динамикасы
------------------------------------------------------------------
Жабылу бағасы,
Акцияның сауда бір акцияға теңгемен Бағаның Индекске
саттық коды ---------------------- өзгеруі, % "ықпал ету"
13.12.2024 12.12.2024
------------------------------------------------------------------
AIRA 826,99 828,90 -0,2 7,3
CCBN 2 150,00 2 156,90 -0,3 9,8
HSBK 239,50 247,09 -3,1 15,4
KCEL 3 405,00 3 414,99 -0,3 13,9
KEGC 1 489,00 1 487,02 +0,1 3,7
KMGZ 14 549,00 14 562,52 -0,1 13,1
KSPI 56 796,99 56 650,00 +0,3 14,2
KZAP 20 701,00 20 934,00 -1,1 15,4
KZTK 43 493,00 43 352,00 +0,3 5,3
KZTO 817,40 816,81 +0,1 1,9
------------------------------------------------------------------
* Акцияның жабылу бағасы бір рет сауда-саттық аяқталар сәтте анықталады және
ASTS+ сауда-клирингілік жүйесінде сауда-саттық өткізу әдістері туралы Қағидаға
сәйкес аталмыш акциялар бойынша жабылу аукционында қалыптасқан баға ретінде
анықталады. Егер аукцион барысында жабылу бағасы анықталмаса, немесе егер
ондай аукцион өткізілмесе, онда жабылу бағасы ретінде соңғы мәміленің бағасы
қолданылады.
KASE Индексінің өзгеруі
------------------------------------------------------------------
Өзгеру:
---------------------
Кезең %-бен жылдық %-бен*
------------------------------------------------------------------
Соңғы айда +2,7 +32,3
Үстіміздегі жылдың басынан (01.01.24) бастап +32,6 +34,0
Соңғы 365 күнде (жылда) +33,8 +33,8
2023 жылда +28,8 +28,9
2022 жылда -11,5 -11,6
------------------------------------------------------------------
* Кірістілік actual/365 базисі бойынша есептелінген.
Белгілі бір күнге KASE Индексінің мәні ретінде, осы күні биржада тіркелген
аталмыш индекстің соңғы мәні қолданылады.
KASE Индексінің мәні, осы индексті есептеуге арналған өкілетті тізімге
енгізілген акциялар бағасының, олардың эмитенттерінің капиталға айналуын және
еркін айналыстағы (free float) осы акциялар санын ескеріп, өзгеруін
көрсететінін еске саламыз.
KASE Индексінің мәні, осы индексті есептеу үшін өкілетті тізімдегі атаудағы
акциялармен мәміле жасалуына қарай, сауда-саттық күні бойы есептеледі.
Сауда-саттық күні бойы параметрлері KASE Индексінің мәнін есептеуге қажетті
мәмілелер жасалмаса, осы есептеуді жүзеге асыру мақсатында, соңғы нәтижелі
сауда-саттық сессиясының нәтижелері пайдаланылады.
KASE интернет-сайтындағы KASE Индексі көрсетілген беті
https://kase.kz/kz/stock_market/index_kase/ мекен-жайы бойынша жарияланған.
Қор нарығының индикаторларын есептеу Әдістемесінің мәтіні
http://www.kase.kz/files/normative_base/indicators_met_kaz.pdf мекен-жайы
бойынша жарияланған.
Эмитенттердің атаулары көрсетілген, акциялардың толық сауда-саттық кодтары
http://kase.kz/kz/tickers/ мекен-жайы бойынша берілген.
[2024-12-13]