KZ
4 шілде 2025, 14:45
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
17.09.2024 15:04 #Сауда-саттық ақпараты

17 қыркүйек күні Қазақстан қор биржасында есептесуі 19 қыркүйекте болатын МЕУКАМ KZKD00000857 (MUM300_0003) орналастыру бойынша қайталама мамандандырылған сауда-саттық өтті

/KASE, 17.09.24/ – Бұған дейін хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде есептесуі 2024 жылдың 19 қыркүйегінде болатын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің МЕУКАМ KZKD00000857 (MUM300_0003) мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелерін орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық өткізілді.

KASE алған хабарламаға сәйкес эмитент номиналды құны бойынша жалпы сомасы 22 109 031 000 теңгеге өтінімдерді қанағаттандырып, кесімдеу бағасын номиналдан 67,9586 % (кірістілігі – жылдық 13,35%) деңгейінде белгіледі. Қанағаттандырылған өтінімдердегі орташа сараланған таза баға номиналдан 68,1464 % құрады (кірістілігі – жылдық 13,31%).

Орналастыру нәтижелері бойынша кеңейтілген жаңалық кейінірек жарияланады.

KASE "Бүгін Қазақстан қор биржасында есептесуі 19 қыркүйекте болатын және өтеуге дейінгі мерзімі 15,4 жыл KZKD00000857 (MUM300_0003) МЕУКАМ орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық өткізіледі" жаңалығы мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ

[2024-09-17]