KASE өзінің интернет-ресурсында 2024 жылдың маусым айындағы Қазақстандағы іскерлік белсенділік индексі бойынша шолуды жариялады

11.07.24 15:03
/KASE, 11.07.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) өзінің интернет-ресурсында 2024 жылғы маусымдағы Қазақстандағы іскерлік белсенділік индексі (ІБИ) бойынша шолуды жариялады, оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі кәсіпорындардың ай сайынғы сауалнамасының нәтижелері бойынша дайындады және кәсіпорындардың экономикалық көрсеткіштерінің нақты өзгерістеріне және олардың болашақтағы өзгерістеріне қатысты болжамдарына қатысты сұрақтарға кәсіпорындардың жауаптарының жиынтығын қамтиды. ІБИ – нақты сектордағы экономиканың жағдайын сипаттайтын көрсеткіш, экономикалық тенденциялардың динамикасын, бизнес циклының маңызды және бетбұрыс нүктелерін зерттеуге мүмкіндік береді. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің ақпаратына сәйкес 2024 жылдың мусымында іскерлік белсенділікті біртіндеп жақсарту тенденциясы жалғасты. Көрсеткіш бесінші ай қатарынан оң аймақта. 2024 жылдың маусым айындағы ІБИ шолулары мына сілтемелер бойынша жарияланды: - https://kase.kz/kz/ida/ – қазақ тілінде; - https://kase.kz/ru/ida/ – орыс тілінде; - https://kase.kz/en/ida/ – ағылшын тілінде. [2024-07-11]