/KASE, 10.06.24/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE)
ресми тізімінде тұрған "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ (Астана)
KASE-ге ұсынған 2024 жылдың 07 маусымындағы баспасөз мәлімдемесінде
былай деп хабарланады:
дәйексөздің басы
"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы (бұдан әрі –
"ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ, ҚМГ немесе Қоғам) 2024 жылғы 28 мамырда өткен
акционерлердің жылдық жалпы жиналысында (бұдан әрі – Жалпы жиналыс)
ішкі дауыс беру нәтижелерін жариялайды.
...
2023 жылдың қорытындысы бойынша дивиденд төлеу туралы
Акционерлер компанияның дивидендтік саясатын және Директорлар кеңесінің
ұсынымын басшылыққа ала отырып, 2023 жылғы аудиттен өткен қаржылық
көрсеткіштер негізінде "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ-ның 2023 жылғы пайдасынан
төленетін, "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ-ның бір жай акциясына шаққанда 491,71
теңгеге (төрт жүз тоқсан бір теңге жетпіс бір тиын) дивиденд мөлшерін бекітті.
Осылайша, жалпы дивиденд сомасы шамамен 300 миллиард теңгені құрайды.
2023 жылдың қорытындысы бойынша дивиденд акционерлер тізілімінде 2024
жылы 29 мамырда жергілікті уақыт бойынша 00 сағат 00 минутта (GMT +5)
тіркелген тұлғаларға 2024 жылғы 24 маусымнан бастап төленеді.
"ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ Басқарма төрағасы және Директорлар кеңесінің
құрамы туралы
Жалпы жиналыстың дауыс беру қорытындысы бойынша "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ
Басқарма төрағасы және "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі
ретінде Мағзұм Маратұлы Мирзағалиевтің өкілеттігі мерзімінен бұрын
тоқтатылды. Асхат Ғалымұлы Хасенов "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Басқармасының
жаңа төрағасы және Директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды.
дәйексөздің соңы
Баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы орналастырылды:
-
https://kase.kz/files/emitters/KMGZ/kmgz_relizs_070624_kz_.pdf – қазақ тілінде;
-
https://kase.kz/files/emitters/KMGZ/kmgz_relizs_070624_1.pdf – орыс тілінде;
-
https://kase.kz/files/emitters/KMGZ/kmgz_relizs_070624_en.pdf – ағылшын тілінде.
[2024-06-10]