06 мамырдан бастап KASE-де "Капиталинвест" МҚҰ" ЖШС-нің KZ2P00011166 (MFCIb2) облигацияларымен сауда-саттық ашылады

04.05.24 16:35
/KASE, 04.05.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 06 мамырынан бастап KASE-де "Капиталинвест" МҚҰ" ЖШС-нің (Алматы) KZ2P00011166 (KASE баламалы алаңы, "облигациялар" санаты, MFCIb2; 1 000 теңге, 2,0 млрд теңге; 3 жыл; тоқсандық купон, жылдық 22,00%; 30/360) облигацияларымен сауда- саттық ашылатынын хабарлайды. KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу дәлдігі баға белгілеу валютасында көрсетілген облигацияның "таза емес" бағасының екінші ондық белгісіне дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – қазақстандық теңге. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толық ақпарат KASE интернет-сайтында жарияланған – https://kase.kz/kz/bonds/show/MFCIb2/ [2024-05-04]