KASE 2022 ЖЫЛДЫҢ ЖЫЛДЫҚ ЕСЕПТЕР БАЙҚАУЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫН ШЫҒАРДЫ

12.03.24 18:38
/KASE, 12.03.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 12 наурызында 2022 жылдың жылдық есептер конкурсының қорытындысы бойынша ұйымдарды марапаттау рәсімін өткізді. Номинациялар бойынша жеңімпаздар төменде көрсетілген. "Қаржылық сектордағы 2022 жылдың үздік жылдық есебі" номинациясында: - "ForteBank" АҚ – лауреат; - "Қазақстандық тұрғын үй компаниясы" АҚ және "Qazaqstan Investment Corporation" АҚ – жүлдегерлер. "Қаржылық емес сектордағы 2022 жылдың үздік жылдық есебі" номинациясында: - "Қазатомөнеркәсіп" Ұлттық атом компаниясы" АҚ – лауреат; - "ҚазТрансОйл" АҚ және "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" АҚ – жүлдегерлер. "2022 жылдың тұрақты даму туралы үздік есеп" номинациясында: - "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ – лауреат; - "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы " АҚ және "First Heartland Jusan Bank" АҚ – жүлдегерлер. "Жария емес компанияның 2022 жылға үздік жылдық есебі" номинациясында: - "Тау-Кен Самұрық" ҰТКК" АҚ – лауреат; - "Қазпошта" АҚ және "Samruk-Kazyna Ondeu" ЖШС – жүлдегерлер. Осы іс-шараға арналған баспасөз мәлімдемесі жарияланды: - https://kase.kz/files/press/kz/Kase_awards_2024_kaz.pdf – қазақ тілінде; - https://kase.kz/files/press/ru/Kase_awards_2024_rus.pdf – орыс тілінде; - https://kase.kz/files/press/en/Kase_awards_2024_eng.pdf – ағылшын тілінде. Жылдық есептер байқауын өткізу шарттары мына сілтеме бойынша жарияланған https://kase.kz/files/mix/KASE_annual_reports_competition_rules.pdf [2024-03-12]