KZ
3 шілде 2025, 14:03
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
13.02.2024 12:52 #Қаржы құралдары

14 ақпаннан бастап Қазақстан қор биржасында Еуропалық қайта құру және даму банкінің XS2754484439 (EBRDe22) халықаралық облигацияларымен сауда-саттық ашылады

/KASE, 13.02.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылғы 14 ақпаннан бастап Еуропалық Қайта Құру және даму банкінің XS2754484439 ("халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторы, EBRDe22; 33,5 млрд теңге; 08.02.24-08.02.27; өзгермелі тоқсандық купон; actual/365) халықаралық облигацияларымен KASE-де сауда-саттық ашылатынын хабарлайды.

KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу дәлдігі номиналдан пайызбен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – қазақстандық теңге.

Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ

[2024-02-13]