/KASE, 13.02.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылғы 14 ақпаннан
бастап Еуропалық Қайта Құру және даму банкінің XS2754484439 ("халықаралық
қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторы, EBRDe22; 33,5 млрд теңге;
08.02.24-08.02.27; өзгермелі тоқсандық купон; actual/365) халықаралық
облигацияларымен KASE-де сауда-саттық ашылатынын хабарлайды.
KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу
дәлдігі номиналдан пайызбен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының
төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы –
қазақстандық теңге.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына
сілтеме бойынша жарияланды
https://kase.kz/ru/bonds/show/EBRDe22/
[2024-02-13]