26 қаңтардан бастап "abyROI" ИИПҚ KZPF00000157 (FHJIlq) пайлары рұқсаттама бастамашысының бастамасы бойынша KASE ресми тізімінен шығарылады

25.01.24 17:45
/KASE, 25.01.24/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2024 жылдың 25 қаңтарындағы шешімімен KASE ресми тізімінен "First Heartland Jusan Invest" АҚ (Астана) басқаруындағы "abyROI" интервалдық инвестициялық пай қорының (ИИПҚ) KZPF00000157 ("инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары" секторы, FHJIlq) пайлары алынып тасталды. Листингілік комиссияның бұл шешімі 2024 жылдың 26 қаңтарынан бастап күшіне енеді. Бұл шешім "First Heartland Jusan Invest" АҚ-ның KASE ресми тізімінен көрсетілген пайларды ерікті түрде делистингтеу туралы өтініші негізінде қабылданды. Аталған пайлар 2019 жылдың 31 желтоқсанынан бастап KASE ресми тізімінің "инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары" секторына енгізілді. Олармен сауда-саттық 2020 жылдың 30 қаңтарынан бастап ашылды. Бұған дейін KASE 2023 жылдың 22 желтоқсанындағы "22 желтоқсаннан бастап "abyROI" ИИПҚ KZPF00000157 (FHJIlq) пайларымен KASE-де сауда- саттық тоқтатылды" тақырыбндағы жаңалығы жарияланған болатын– https://kase.kz/kz/news/show/1513329/ [2024-01-25]