22 желтоқсаннан бастап KASE-де "abyROI" ИИПҚ KZPF00000157 (FHJIlq) пайларымен сауда-саттық тоқтатылды

22.12.23 09:45
/KASE, 22.12.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) хабарлайды: 2023 жылдың 22 желтоқсанынан бастап KASE-де "First Heartland Jusan Invest" АҚ (Астана) басқаруындағын "abyROI" интервалдық инвестициялық пай қорының (ИИПҚ) KZPF00000157 ("инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары" секторы, FHJIlq) пайларымен сауда-саттық тоқтатылды. Сауда-саттық KASE "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты ішкі құжатының 11-2 бабы 1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес "First Heartland Jusan Invest" АҚ-ның 2023 жылдың 19 желтоқсанынан бастап Қордың ережелерінің 12 тарауының 104 тармағының 5) тармақшасына сәйкес "abyROI" ИИПҚ-ның жұмыс істеуін тоқтату үшін негіз туындағаны туралы хабарламасына байланысты тоқтатылды. [2023-12-22]