/KASE, 27.11.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2023 жылдың 28 қарашасынан
бастап Еуразиялық даму банкінің XS2315951041 ("халықаралық қаржы ұйымдарының
бағалы қағаздары" секторы, EABRe6; 300,0 млн еуро; 17.03.21-17.03.26; жылдық
купоны, жылдық 1,00 %; actual/actual) халықаралық облигацияларымен KASE-де
сауда-саттық ашылатынын хабарлайды.
KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу
дәлдігі номиналдың пайызымен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының
төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы –
қазақстандық теңге.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына
сілтеме бойынша жарияланды
https://kase.kz/ru/bonds/show/EABRe6/
[2023-11-27]