Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
21 қарашадан бастап Еуразиялық даму банкінің XS2315951041 (EABRe6) халықаралық облигациялары KASE ресми тізімінің "халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторына енгізілді
/KASE, 21.11.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының шешімімен 2023 жылдың 21 қарашасынан бастап Еуразиялық даму банкінің XS2315951041 (300,0 млн еуро; 17.03.21 – 17.03.26; жылдық купон, жылдық 1,00 %; actual/actual) халықаралық облигациялары KASE ресми тізімінің "халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторына енгізілді.
Аталған облигацияларға рұқсат беру бастамашысы "NGDEM Finance" АҚ (Алматы) болып табылады.
KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады.
Аталған облигацияларға EABRe6 қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды) берілген.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ
[2023-11-21]