KZ
6 шілде 2025, 01:57
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
30.10.2023 10:58 #Корпоративтік уақиғалар

Биржалық симулятор: 23-27 қазан аралығында сауда-саттық көлемі 2,8 млрд теңгеге жетті

/KASE, 30.10.23/ – Бұған дейін хабарланғандай, 2023 жылдың 02 қазанынан 02 қарашасына дейін Қазақстан қор биржасы (KASE) "Биржалық симулятор" жобасы шеңберінде оқу сауда-саттығының екінші кезеңін өткізеді.

23-27 қазан аралығында сауда-саттық көлемі 2 844,3 млн теңгеге жетті. Көрсетілген кезеңде мәмілелердің орташа тәуліктік көлемі 711,1 млн теңгені құрады.

Бір қатысушы жасаған мәмілелердің максималды саны мен максималды көлемі тиісінше 349 және 623,9 млн теңгені құрады.

Төменде 2023 жылдың 23-27 қазаны аралығындағы кезеңде құралдар бөлінісінде жасалған барлық мәмілелер бойынша ақпарат берілген:

--------------------------------
             Мәмілелер  Көлемі, 
Сауда-саттық      саны млн теңге
коды                            
------------ --------- ---------
KZAP               272     560,7
HSBK               292     529,9
KZTK               302     493,9
KZTO               198     296,9
FHJIds             179     286,4
KSPI               214     238,2
KEGC               126     128,4
CCBN               106     119,7
KCEL               104     116,1
ASBN                86      65,5
RAHT                33       3,5
BAST                30       2,6
IE_FXBF             25       1,0
BSUL                27       0,9
KMGD                35       0,7
------------ --------- ---------
Барлығы          2 029   2 844,3
--------------------------------

Қазіргі уақытта "Биржалық симулятор" жобасына қатысу үшін 6 000-нан астам қатысушы тіркелген.

Жобаның мақсаты Қазақстан Республикасы халқының қаржылық сауаттылығын арттыру болып табылады.

"Биржалық симулятор" жобасы туралы қосымша ақпарат мына сілтеме бойынша қолжетімді толығырақ

[2023-10-30]