Биржалық симулятор: 23-27 қазан аралығында сауда-саттық көлемі 2,8 млрд теңгеге жетті

30.10.23 10:58
/KASE, 30.10.23/ – Бұған дейін хабарланғандай, 2023 жылдың 02 қазанынан 02 қарашасына дейін Қазақстан қор биржасы (KASE) "Биржалық симулятор" жобасы шеңберінде оқу сауда-саттығының екінші кезеңін өткізеді. 23-27 қазан аралығында сауда-саттық көлемі 2 844,3 млн теңгеге жетті. Көрсетілген кезеңде мәмілелердің орташа тәуліктік көлемі 711,1 млн теңгені құрады. Бір қатысушы жасаған мәмілелердің максималды саны мен максималды көлемі тиісінше 349 және 623,9 млн теңгені құрады. Төменде 2023 жылдың 23-27 қазаны аралығындағы кезеңде құралдар бөлінісінде жасалған барлық мәмілелер бойынша ақпарат берілген: -------------------------------- Мәмілелер Көлемі, Сауда-саттық саны млн теңге коды ------------ --------- --------- KZAP 272 560,7 HSBK 292 529,9 KZTK 302 493,9 KZTO 198 296,9 FHJIds 179 286,4 KSPI 214 238,2 KEGC 126 128,4 CCBN 106 119,7 KCEL 104 116,1 ASBN 86 65,5 RAHT 33 3,5 BAST 30 2,6 IE_FXBF 25 1,0 BSUL 27 0,9 KMGD 35 0,7 ------------ --------- --------- Барлығы 2 029 2 844,3 -------------------------------- Қазіргі уақытта "Биржалық симулятор" жобасына қатысу үшін 6 000-нан астам қатысушы тіркелген. Жобаның мақсаты Қазақстан Республикасы халқының қаржылық сауаттылығын арттыру болып табылады. "Биржалық симулятор" жобасы туралы қосымша ақпарат мына сілтеме бойынша қолжетімді https://kase.kz/ru/events/show/2023/KASE_simulator_2023/ [2023-10-30]