26 қазаннан бастап Еуропалық Қайта Құру және даму банкінің XS2708176610 (EBRDe20) халықаралық облигациялары KASE ресми тізімінің "халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторына енгізілді

26.10.23 17:32
/KASE, 26.10.23/ – Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының (KASE) Басқармасы 2023 жылдың 19 қазанында Еуропалық Қайта Құру және дамыту банкінің XS2708176610 (14 100,0 млн теңге; 26.10.23 – 24.10.26; жартыжылдық купон, жылдық 14,00 %; actual/360) халықаралық амортизациялық облигацияларын KASE ресми тізімінің "Халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторына енгізуге келісім берді. Аталған облигацияларға рұқсат беру бастамашысы "Tengri Partners Investment Banking (Kazakhstan)" АҚ (Алматы) болып табылады. Басқарманың бұл шешімі 2023 жылдың 26 қазанынан бастап күшіне енді. KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады. Аталған облигацияларға EBRDe20 қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды) берілді. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/kz/bonds/show/EBRDe20/ [2023-10-26]