18 қыркүйектен бастап Қазақстан қор биржасында Еуразиялық даму банкінің KZX000001433 (EABRe5) халықаралық облигацияларымен сауда-саттық ашылады

15.09.23 14:50
/KASE, 15.09.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2023 жылдың 18 қыркүйегінен бастап Еуразиялық даму банкінің KZX000001433 ("халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторы, EABRe5; $ 50,0 млн; 25.07.23-25.07.30; жартыжылдық купоны, жылдық 6,30%; 30/360) халықаралық облигацияларымен KASE-де сауда- саттық ашылатынын хабарлайды. KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу дәлдігі номиналдан пайызбен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – АҚШ доллары. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/bonds/show/EABRe5/ [2023-09-15]