KASE ЖЫЛДЫҚ ЕСЕПТЕР КОНКУРСЫН ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАЙДЫ

12.09.23 16:50
/KASE, 12.09.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2022 жылдың қорытындысы бойынша жылдық есептер конкурсын өткізу туралы хабарлайды. Конкурс 2023 жылдың 01 қыркүйегінен 29 желтоқсанына дейін өткізіледі және Қазақстанда қаржылық емес есеп берушілікті дайындау практикасын дамытуға бағытталған. Конкурсқа Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелген кез келген заңды тұлғалар қатыса алады. Конкурс шеңберінде конкурсқа жіберілген заңды тұлғалардың 2022 жылға арналған жылдық есептері мен орнықты дамуы туралы есептеріне бағалау жүргізілетін болады. Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері дипломдармен және сертификаттармен марапатталады. Конкурсқа қатысуға рұқсаттама алу үшін заңды тұлғалар 2023 жылдың 15 қазанынан кешіктірмей мынадай құжаттарды ұсынуы тиіс: 1) нысан бойынша конкурсқа қатысуға өтінім – https://kase.kz/files/mix/application_2022.doc 2) 2022 жылға жылдық есеп орыс тілінде, сондай-ақ бар болса ағылшын және қазақ тілдерінде; 3) бар болса, 2022 жылға тұрақты даму туралы есеп. Конкурсқа қатысуға өтінім өтінімнің қол қойылған электрондық нұсқасын PDF форматында және DOC форматында monitoring@kase.kz электрондық поштаға жіберу арқылы ұсынылады. Егер конкурсқа қатысуға берілген өтінімде қандай да бір себептермен 2022 жылға жылдық есепке/орнықты даму туралы есепке интернет- сілтемелер ұсынылмаса немесе олар белсенді емес болып табылса, мұндай есептер электрондық түрде pdf форматында monitoring@kase.kz электрондық поштаға жіберіледі немесе KASE орналасқан жері бойынша электрондық тасығышта ұсынылады. Конкурсты өткізу кезеңдері: - конкурсқа өтінімдерді қабылдау; - сараптамалық комиссияның материалдарды бағалауы; - сараптамалық комиссияның конкурс жеңімпаздарын айқындауы; - байқау жеңімпаздарын марапаттау. Негізгі номинациялар: 1) Қаржы секторындағы ең үздік жылдық есеп; 2) Қаржылық емес сектордағы ең үздік жылдық есеп; 3) Үздік Тұрақтылық даму туралы есеп. Қосымша номинациялар: 1) Жеке қаржылық емес компанияның ең үздік жылдық есебі; 2) Ашық емес компанияның ең үздік жылдық есебі; Конкурсқа қатысушы, бұл конкурсқа қатысушының дұрыс емес мәліметтерді ұсыну фактісі, сондай-ақ конкурс өткізу кезеңінде оның тарапынан әдепті емес мінез-құлық анықталған жағдайда конкурс өткізудің кез келген кезеңінде конкурсқа қатысудан шеттетілуі мүмкін. Конкурсты өткізу шарттарымен мына сілтеме бойынша танысуға болады https://kase.kz/files/mix/KASE_annual_reports_competition_rules.pdf [2023-09-12]