Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
29 тамыздан бастап Қазақстан қор биржасында Еуропалық қайта құру және даму банкінің XS2655869530 (EBRDe19) халықаралық облигацияларымен сауда-саттық ашылады
/KASE, 28.08.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2023 жылдың 29 тамызындан бастап Еуропалық қайта құру және даму банкінің XS2655869530 ("халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторы, EBRDe19; 8,9 млрд теңге; 21.08.23-17.08.26; жартыжылдық купоны, жылдық 14,00%; actual/360) халықаралық облигацияларымен KASE-де сауда-саттық ашылатынын хабарлайды.
KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу дәлдігі баға белгілеу валютасында көрсетілген облигацияның "таза емес" бағасының екінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – қазақстандық теңге.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды – толығырақ
[2023-08-28]