/KASE, 13.07.23/ – Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор
биржасының (KASE) сауда жүйесінде KZ2P00007727 (KASE негізгі алаңы,
"облигациялар" санаты, RGBKb1) "RG Brands Kazakhstan" ЖШС (Алматы)
облигацияларын сатып алу бойынша төмендегі шарттарда (Астана қ.
уақыты) мамандандырылған сауда-саттықтар өтетінін хабарлайды.
-------------------------------------------------------------------------------------
Бағалы қағаздар тұрпаты: купондық облигациялар
ISIN: KZ2P00007727
KASE сауда-саттық коды: RGBKb1
Номиналдық құны, теңге: 1 000,00
Шығарылым көлемі, млн теңге:
– тіркелген: 8 500 000 000
– орналастырылған: 1 378 500 000
Айналыстың басталу күні: 12.07.21
Айналыстың соңғы күні 11.07.31
Өтеудің алғашқы күні 12.07.31
Айналыста болу мерзімі: 10 жыл (3 600 күн)
Купон мөлшерлемесі жылдық 20,00 %
Купонды төлеу мерзімділігі жылына 2 рет
Купонды төлеуді бастау күні: жыл сайын 12 қаңтарда және 12 шілдеде
Уақыттық базасы: 30 /360
---------------------------------------------- --------------------------------------
Сауда-саттық күні: 13.07.23
Өтеуге дейін мерзімі: 8,0 жыл (2 879 күн)
Жарияланған орналастыру көлемі 635 400 000
Лот көлемі, дана 1
Сауда-саттық заты: "таза" бағасы
Сатып алуға өтінім түрлері: шектелімді
Өтінім беру тәсілі: жабық
Өтінімдерді қабылдау уақыты: 11:30–13:00
Өтінімдерді растау уақыты: 11:30–13:00
Кесім уақыты: 14:30 (Т+0)
Төлем уақыты: 13.07.23, 14:30
Өтінімдерді кесімдеу әдісі: бағалары кесімдеу бағасына тең
немесе одан жоғары өтінімдер
кесімделеді
Өтінімдердің бағасына байланысты шектелімді бірыңғай кесімдеу бағасы
өтінімдерді қанағаттандыру тәсілі: бойынша
Өтінімдердің беру кезегіне байланысты шектеулі қарсылама өтінімдердіқабылдау уақытмен
өтінімдерді қанағаттандыру әдісі:
Сауда-саттық бастамашысы "Сентрас Секьюритиз" АҚ
-------------------------------------------------------------------------------------
Баға ретінде өтінімде бағалы қағаздың номиналды құнының пайызымен
үтірден кейінгі төртінші таңбаға дейінгі дәлдікпен көрсетілген
облигациялардың "таза" бағасы (жинақталған сыйақыны есепке алмағанда)
көрсетілуі тиіс.
Өтінімдегі қаржы құралдарының саны ретінде облигациялардың саны
данамен белгіленуі тиіс. Өтінімдегі қаржы құралының саны лоттың көлеміне
тең немесе еселенген болуы тиіс.
Өтінім көлемі ретінде өтінімде көрсетілген облигациялар санының және бір
облигацияның "таза емес" бағасының (жинақталған сыйақыны ескере
отырып) туындысы көрсетілуі тиіс.
Мәміленің көлемі
https://kase.kz/files/normative_base/bond_yield.pdf сілтемесі
бойынша жарияланған Облигациялардың кірістілігін және облигациялармен
жасалған мәмілелердің сомаларын есептеу әдістеменің 4 тарауына сәйкес
есептеледі.
Есеп айырысулар "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ өз
ережелерінің жинағы негізінде жүзеге асырады. Бағалы қағаздарды сатып
алушы сатып алған бағалы қағаздарға төлемді "Орталық бағалы қағаздар
депозитарийі" АҚ шотында кестеде көрсетілген уақытта болуын қамтамасыз
етуі тиіс.
Сауда-саттыққа қатысу үшін өтінімдерді тек KASE қор нарығының мүшелері
ғана бере алады. Басқа инвесторлар осы заңды тұлғалар арқылы өтініш
бере алады. KASE қор нарығы мүшелерінің толық тізімі
http://www.kase.kz/kz/membership сілтемесі бойынша жарияланған.
Сауда-саттық клирингілік жүйесінде сауда-саттық өткізу әдістері туралы
ереже
https://kase.kz/files/normative_base/methods_ASTS.pdf сілтемесі
бойынша жарияланған.
Аталмыш облигациялардың шығарылымы туралы толық ақпарат
https://kase.kz/ru/bonds/show/RGBKb1/ сілтемесі бойынша жарияланған.
[2023-07-13]