/KASE, 28.04.23/ – "Қазақстан қор биржасы" акционерлік қоғамы (бұдан әрі –
Биржа), атқарушы органының орналасқан жері – Қазақстан Республикасы,
A15g7m6, Алматы қ., Байзақов көш., 280, "Almaty Towers" көпфункциялы
кешенінің Солтүстік мұнарасы, 8-қабат, "Акционерлік қоғамдар туралы"
Қазақстан Республикасы Заңының 35 бабының 1 тармағы, 37 бабы
3 тармағының 1 тармағы, 3) тармақшасы және 41 бабы негізінде Биржаның
Директорлар кеңесінің бастамасы бойынша (2023 жылдың 26 сәуірдегі
№ 11 отырыс хаттамасы) шақырылатын Биржа акционерлерінің жылдық
жалпы жиналысын (бұдан әрі – жиналыс) өткізу туралы өз акционерлеріне
хабарлайды.
Жиналыс 2023 жылдың 30 мамырында сағат 10:00 – ден (осында және одан әрі
Астана қ. уақыты) Алматы қ., Байзақов к-сі, 280, "Almaty Towers"
көпфункционалды кешенінің Солтүстік мұнарасы, 1 қабат мекенжайы
бойынша келесі күн тәртібімен өтеді:
1. Биржаның 2022 жылдағы қызметі туралы.
2. Биржаның 2022 жылға аудиттелген жылдық қаржылық есеп берушілігін
бекіту туралы.
3. Биржаның 2022 жылдағы таза табысын бөлу тәртібін және Биржаның
бір жай акциясына есептегенде дивиденд мөлшерін бекіту туралы.
4. Биржаның 2023 жылға жылдық қаржылық есеп берушілігіне аудит
жүргізу мақсатында аудиторлық ұйымды анықтау туралы.
5. Акционерлердің Биржаның және оның лауазымды адамдарының
әрекеттеріне шағымдары және оларды қарау қорытындылары туралы.
6. 2022 жылға Биржаның Директорлар кеңесі мен Басқармасы
мүшелерінің сыйақысының мөлшері мен құрамы туралы ақпарат.
7. Биржаның Директорлар кеңесі мүшелерінің 2022 жылға сыйақысы
туралы.
8. Биржа Жарғысына № 6 өзгертулер мен толықтыруларды бекіту туралы.
Жиналысқа қатысушыларды тіркеу 2023 жылдың 30 мамырында жиналыс
өткізілетін орын бойынша сағат 09:00-ден 09:45-ке дейін жүзеге
асырылады.
Кворум болмаған жағдайда, қайта жиналыс 2023 жылдың 31 мамырында
сағат 10:00-ден бастап сол мекенжай бойынша өткізіледі. Қайталама
жиналысқа қатысушыларды тіркеу 2023 жылдың 31 мамырында оны
өткізу орны бойынша сағат 09:00-ден 09:45-ке дейін жүзеге асырылады.
Жиналысқа қатысуға құқығы бар акционерлердің тізімі 2023 жылдың
15 мамырында сағат 00:00-дегі жағдай бойынша жасалады.
Жиналысты өткізу туралы хабарламаның толық мәтіні Биржаның интернет-
ресурсында қолжетімді:
-
https://kase.kz/files/for_shareholders/meeting_300523_kaz.pdf – қазақ
тілінде;
-
https://kase.kz/files/for_shareholders/meeting_300523.pdf – орыс тілінде;
-
https://kase.kz/files/for_shareholders/meeting_300523_eng.pdf – ағылшын
тілінде.
[2023-04-28]