16 наурызда Қазақстан қор биржасында "Swiss Capital (Свисс Капитал)" МҚҰ" ЖШС KZ2P00007818 (MFSCb1) облигацияларына жазылу жүргізіледі

14.03.23 12:15
/KASE, 14.03.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE немесе биржа) 2023 жылдың 16 наурызында KASE сауда-саттық жүйесінде "Swiss Capital (Свисс Капитал) "МҚҰ" ЖШС (Алматы) KZ2P00007818 (KASE балама алаңы, "облигациялар" санаты, MFSCb1; 1 000 теңге, 4,0 млрд теңге; 05.11.21 – 05.11.24; тоқсандық купон, 20,00% жылдық; 30/360) облигацияларына жазылу арқылы бастапқы орналастыру жүргізілетінін хабарлайды. Көрсетілген облигацияларға жазылу кезінде сатушы ретінде "Фридом Финанс" АҚ (Алматы) (бұдан әрі – Сатушы) әрекет етеді. Орналастырылатын облигациялардың номиналды көлемі – 1 000 000 000 теңге. Жазылым шеңберінде өтінімдерді қабылдау 2023 жылдың 16 наурызында Астана қаласы уақытымен сағат 10:30-дан 12:30-ға дейін жүргізіледі. Жазылым аясында тек шектелімді өтінімдер қабылданады. Биржа қабылдаған өтінімдер тізілімін сатушыға беру күні – 2023 жылдың 16 наурызы; Сатушының қанағаттандырылған өтінімдер тізілімін Биржаға беру күні – 2023 жылдың 16 наурызы; есеп айырысуды жүзеге асыру күні мен уақыты – 2023 жылдың 16 наурызы, Астана қ.уақытымен 14:00. Есептесулерді "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ жүзеге асырады. Жазылымға қатысу үшін өтінімдер биржаға тек "қор" санатындағы KASE мүшелері арқылы беріледі. Санаттар бойынша KASE мүшелерінің толық тізімі http://kase.kz/ru/membership сілтемесі бойынша жарияланған. Осы жазылымды жүргізу шарттарына сәйкес көрсетілген облигацияларды Сатушыға ашылатын инвестор туралы қосымша ақпарат ретінде жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) немесе заңды тұлғаның атауы беріледі. Бағалы қағаздарға жазылым жүргізу ережелері KASE интернет-ресурсында http://kase.kz/files/normative_base/rules_ipo.pdf сілтемесі бойынша жарияланған Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат https://kase.kz/ru/bonds/show/MFSCb1/ сілтемесі бойынша жарияланды. [2023-03-14]