/KASE, 24.02.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2023 жылдың 24 ақпанынан
бастап Еуропалық қайта құру және даму банкінің XS2586856879 ("халықаралық
қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторы, EBRDe18; 48,5 млрд теңге;
23.02.23 – 23.03.24; қалқымалы тоқсандық купон, TONIA Compounded + 0,90%;
actual / 365) халықаралық облигацияларымен KASE-де сауда-саттығы ашылатынын
хабарлайды.
KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу
дәлдігі номиналдың пайызымен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының
төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы –
қазақстандық теңге.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат
https://kase.kz/ru/bonds/show/EBRDe18/ сілтемесі бойынша жарияланды.
[2023-02-24]