/KASE, 15.12.22/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2023 жылдың
20 қаңтарында KASE сауда-саттық жүйесінде KZ2C00008910 (KASE негізгі
алаңы, "облигациялар" санаты, KFUSb45) "Қазақстандық тұрақтылық
қоры" АҚ (Алматы) облигацияларын төменде келтірілген шарттарда (Астана
қ.уақытымен) орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық
өткізілетіні туралы хабарлайды.
------------------------------------------------------------------------------
Бағалы қағаздар тұрпаты: купондық облигациялар
ISIN: KZ2C00008910
KASE сауда-саттық коды: KFUSb45
Номиналдық құны, теңге: 1 000,00
Шығарылым көлемі, млн теңге:
– тіркелген: 40 000 000 000
– орналастырылған: 36 200 745 000
Айналыстың басталу күні: 29.09.22
Айналыстың соңғы күні 28.09.25
Өтеудің алғашқы күні 29.09.25
Айналыста болу мерзімі: 3 жыл (1 095 күн) күн
Купон мөлшерлемесі құбылмалы (1250% + TONIA Compounded)
Купонды төлеу мерзімділігі жылына 2 рет
Купонды төлеуді бастау күні: 29 наурызда және 29 қыркүйекте
Уақыттық базасы: actual/365
------------------------------------------------------------------------------
Сауда-саттық күні: 20.01.23
Өтеуге дейін мерзімі: 2,7 жыл (983 күн)
Жарияланған орналастыру көлемі 3 799 255 000
Лот көлемі, дана 1
Сауда-саттық заты: "таза" бағасы
Сатып алуға өтінім түрлері: шектелімді
Өтінім беру тәсілі: жабық
Өтінімдерді қабылдау уақыты: 10:00–11:00
Өтінімдерді растау уақыты: 10:00–11:00
Кесім уақыты: 12:00 (Т+0)
Төлем уақыты: 20.01.23, 12:00
Өтінімдерді кесімдеу әдісі: бағалары кесімдеу бағасына тең
немесе одан төмен өтінімдер
кесімделеді
Өтінімдердің бағасына қарай шектелімді кесімдеу бағасына тең немесе
өтінімдерді қанағаттандыру тәсілі: сатушы үшін неғұрлым тиімді
болып табылатын, шектелімді
қарсылама өтінімдердің
бағалары бойынша
Өтінімдердің беру кезектілігіне қарай
шектелімді өтінімдерді қанағаттандыру
әдісі: қарсылама өтінімдерді қабылдау уақыты бойынша
Сауда-саттық бастамашысы "Фридом Финанс" АҚ
------------------------------------------------------------------------------
Өтінімде баға ретінде, облигациялардың номиналды құнынан пайызбен
көрсетілген, үтірден кейінгі төртнші таңбаға дейін дәлдікпен облигацияның
"таза" бағасы көрсетілуі тиіс.
Өтінімдегі қаржы құралдарының саны ретінде облигациялардың саны
данамен белгіленуі тиіс. Өтінімдегі қаржы құралының саны лоттың көлеміне
тең немесе еселенген болуы тиіс.
Өтінімнің көлемі ретінде өтінімде көрсетілген облигациялар санының және
бір облигацияның "таза емес" бағасының туындысы (жинақталған сыйақыны
ескере отырып) көрсетілуі тиіс.
Мәміленің көлемі
https://kase.kz/files/normative_base/bond_yield_new_kz.pdf
сілтемесі бойынша жарияланған Облигациялардың кірістілігін және
облигациялармен жасалған мәмілелердің сомаларын есептеу әдістеменің
4 тарауына сәйкес есептеледі.
Есеп айырысулар "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ өз
ережелерінің жинағы негізінде жүзеге асырады. Бағалы қағаздарды сатып
алушы сатып алған бағалы қағаздарға төлемді "Орталық бағалы қағаздар
депозитарийі" АҚ шотында кестеде көрсетілген уақытта болуын қамтамасыз
етуі тиіс.
KASE қор нарығы мүшелерінің толық тізімі
http://www.kase.kz/kz/membership
сілтемесі бойынша жарияланған.
Сауда-саттық клирингілік жүйесінде сауда-саттық өткізу әдістері туралы
қағида
https://kase.kz/files/normative_base/methods_ASTS+_kz.pdf сілтемесі
бойынша танысуға болады.
Аталмыш облигациялардың шығарылымы туралы толық ақпарат
https://kase.kz/ru/bonds/show/KFUSb45/ сілтемесі бойынша жарияланған.
[2023-01-17]