/KASE, 30.09.22/ – Бұдан бұрын хабарланғандай, 2022 жылдың
28 қыркүйегінде Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық
жүйесінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік ұзақ
мерзімді қазынашылық міндеттемелері МЕОКАМ-36 91-ші шығарылым
(KZK200000695, MOM036_0091) орналастыру бойынша арнайы
мамандандырылған сауда-саттық болып өтті.
"Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ деректеріне сәйкес
2022 жылдың 30 қыркүйегінде облигацияларды орналастыру бойынша
мәмілелер орындалды, қанағаттандырылған өтінімдер көлемі
19 014 438 888,9 теңгені құрады.
KASE "Қазақстанның қаржы министрлігі 28 қыркүйек күні Қазақстан қор
биржасында 20,0 млн МЕОКАМ-36 91-ші шығарылымын (KZK200000695,
MOM036_0091) өтеуге кірістілігі жылдық 14,00 %-бен орналастырды"
жаңалығы
https://kase.kz/ru/news/show/1489165/ сілтемесі бойынша KASE
интернет-сайтында жарияланды.
[2022-10-03]