KZ
15 шілде 2025, 04:33
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
05.08.2022 18:13 #Сауда-саттық ақпараты

Қазақстанның қаржы министрлігі 03 тамызда Қазақстан қор биржасында МЕУКАМ-156 бесінші шығарылымын (KZKD00000758, MUM156_0005) өтеуге кірістілігі жылдық 13,85 %-бен орналастырып, 9,1 млрд теңге тартты

/KASE, 05.08.22/ – Бұдан бұрын хабарланғандай, 2022 жылдың 03 тамызында Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелері МЕУКАМ-156 бесінші шығарылым (KZKD00000758, MUM156_0005) орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық болып өтті.

"Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ деректеріне сәйкес 2022 жылдың 05 тамызында облигацияларды орналастыру бойынша мәмілелер орындалды, қанағаттандырылған өтінімдер көлемі 9 118 700 750,0 теңгені құрады.

KASE "Қазақстанның қаржы министрлігі 03 тамыз күні Қазақстан қор биржасында 11,5 млн МЕУКАМ-156 бесінші шығарылымын (KZKD00000758, MUM156_0005) өтеуге кірістілігі жылдық 13,85 %-бен орналастырды" жаңалығы толығырақ сілтемесі бойынша KASE интернет-сайтында жарияланды.

[2022-08-05]