KZ
9 шілде 2025, 13:19
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
18.01.2021 15:50 #Сауда-саттық ақпараты

18 қаңтарда Қазақстан қор биржасында МЕУКАМ-240 (KZKD00000550) бірінші шығарылымын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық қайта өткізілді

/KASE, 18.01.21/ – Бұрын хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелері МЕУКАМ-240 (KZKD00000550) бірінші шығарылымын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық қайта өткізілді.

KASE алған хабарламаға сәйкес эмитент кесімді бағаны номиналдан 68,2851 % деңгейінде белгілей отырып, номиналдық құны бойынша 19 658 133 000 теңге жалпы сомасына өтінімдерді қанағаттандырды (кірістілігі – жылдық 10,40 %). Қанағаттандырылған өтінімдерде орташа сараланған таза бағасы номиналдан 69,2315 % құрады (кірістілігі – жылдық 10,21 %).

Орналастыру нәтижесі бойынша кеңейтілген жаңалық кейінірек орналастырылады.

"Бүгін Қазақстан қор биржасында МЕУКАМ-240 (KZKD00000550) алғашқы шығарылымын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда- саттық қайта өткізіледі" атты KASE жаңалығы KASE интернет-сайтында толығырақ мекен-жайында жарияланған.

[2021-01-18]