"HALYK FINANCE" АҚ ЖӘНЕ "SKYBRIDGE INVEST" АҚ "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ 12,5 жылдық еурооблигацияларын шығару және орналастыру бойынша мәмілені табысты аяқтағаны туралы хабарлады

15.10.20 12:10
/KASE, 15.10.20/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) мүшесі болып табылатын "Қазақстан Халық Банкінің Еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ (Алматы, тақырыптамада және әрі қарай – "Halyk Finance" АҚ) келесі мазмұндағы хабарламаны ұсынды: ... Осы хабарламамен "Halyk Finance" АҚ және "SkyBridge Invest" АҚ "Қазақстан қор биржасы" АҚ Бірлескен Жетекші Менеджерлері және Букраннерлері ретінде "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ (Астана) 2020 жылдыі қазан айында еурооблигациялардың 16 сериясын шығару және орналастыру бойынша айналым мерзімі 12,5 жыл 750 млн АҚШ долларына мәмілені табысты аяқтағаны туралы хабарлады. Аталмыш мәмілеөзінің міндеттемелері мен борыштық міндеттемелерін басқару бойынша ҚМГ кешенді іс-шаралардың бір бөлігі болып табылады. 2020 жылдың 23 қыркүйегінде КМГ және KMG FINANCE SUB B.V. ("KMG Finance") өтеу мерзімі 2022 және 2023 жылдардағы КМГ Еурооблигацияларын ұстаушыларға және жиынтық өтелмеген номиналдық көлемі 907 млн АҚШ доллары көлемінде, Олигациялардың жедел өтеу мүмкіндігін енгізу мақсатында шарттарын өзгертуге келісім ұсыну туралы сұраным жіберді. ... Осы хабарламаның толық нұсқасымен KASE интернет-сайтында https://kase.kz/ru/news/show/1444256/ мекен-жайында танысуға болады. [2020-10-15]