KZ
RU
EN
27 қазан 2026, 09:11
KZ
RU
EN
Кіру

KASE-де цифрлық қаржы активтерін шығаруға және олардың айналысына арналған платформа таныстырылды

#Баспасөз конференциялары мен брифингтер
11 маусым 2026

KASE Қазақстанның реттелетін цифрлық нарық инфрақұрылымының құрамдас бөлігіне айналатын цифрлық қаржы активтерін шығару және олардың айналысын ұйымдастыру платформасын таныстырды.

Презентация Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің төрағасы Тимур Сүлейменовтің қатысуымен өтті.

KASE платформасы – цифрлық қаржы активтерін реттелетін ортада шығару, есепке алу, айналысқа енгізу және олар бойынша есеп айырысуды жүзеге асыруға арналған цифрлық инфрақұрылым. Шешім бастапқы орналастырудан бастап қайталама айналыс пен инвесторлар алдындағы міндеттемелерді орындауға дейінгі активтің өмірлік циклінің барлық кезеңін қамтиды.

Бұған дейін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі KASE-ні екі бағыт: цифрлық қаржы активтері платформасының операторы және цифрлық активтермен сауда-саттық платформасының операторы бойынша цифрлық платформалар операторларының тізіліміне енгізген болатын. Бұл Биржаның Қазақстандағы цифрлық активтер нарығының жаңа сегментін дамытудағы рөлін айқындай түседі.

“KASE ұзақ жылдар бойы айқындылықты, сенімділікті және жоғары жұмыс стандарттарын қамтамасыз ете отырып, отандық капитал нарығының негізгі институты болып келеді. Сондықтан ұлттық қор биржасының жаңа нарықтың алғашқы қатысушыларының біріне айналуы заңды құбылыс”, – деп атап өтті Тимур Сүлейменов.

Кездесу барысында сондай-ақ ҚР Ұлттық Банкінің қысқамерзімді ноталарын дербес қаржы құралы ретінде токендеу тұжырымдамасы таныстырылды. Модель екінші деңгейдегі банктер арасында цифрлық ноталарды шығарып, оларды KASE платформасында айналысқа енгізуді және есеп айырысуды бірыңғай цифрлық инфрақұрылым арқылы жүргізуді көздейді.

“Бұл операциялардың айқындылығын арттыруға, есеп айырысуды жеделдетуге және инвесторлар үшін мемлекеттік қаржы құралдарының қолжетімділігін кеңейтуге мүмкіндік береді. Күтілетін нәтиже – құралды цифрлық форматта шығару, реттелетін цифрлық орта арқылы қолжетімділікті кеңейту, есеп айырысу мерзімін T+0 деңгейіне дейін қысқарту және операцияларды тәулік бойы, аптасына жеті күн жүргізу мүмкіндігі”, – деді KASE Басқарма төрағасы Әділ Мұхамеджанов.

Биржаның цифрлық активтер платформасын әзірлеу аяқталып, реттеушілік іске қосылуға дайындалып жатыр. Алғашқы кезеңде базалық құралдар қолжетімді болады, кейін бұл инфрақұрылым қаржы өнімдерінің ауқымын кеңейтіп, нарықтың жаңа сегменттерін дамытуға мүмкіндік береді.

Басқа іс-шаралар

Адамға бағдарлану іс жүзінде22 қазан 2026
Цифрлық активтер және салық: KASE, ReportiX және PKF үшжақты серіктестік туралы жариялады15 қазан 2026#Ынтымақтастық
FEAS-пен диалог арқылы капитал нарығын дамыту және халықаралық инвесторларды тарту15 қазан 2026#Конференциялар мен форумдар
Бейрезиденттерге салық салу: артық төлемнен қалай сақтануға және артық төленген салықты қалай қайтаруға болады?14 қазан 2026#Академия
KASE-дегі Қаржылық сауаттылық апталығы: жобаның негізгі қорытындысы09 қазан 2026#Академия
KASE-дегі лизинг секторы: өсудің жаңа құралдары. Қалай бизнес капитал тартып, облигация шығара алады?09 қазан 2026#Баспасөз конференциялары мен брифингтер
KASE фьючерстері: инфрақұрылым дайын, брокерлерді күтеміз08 қазан 2026#Конференциялар мен форумдар
KASE Сингапурдағы Solana іс-шараларына қатысты06 қазан 2026#Конференциялар мен форумдар