KZ
9 мамыр 2025, 13:11
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Медиа орталық/
Іс-шаралар
Іс-шаралар тізіміне оралу

KASE "Кселл” АҚ-пен бірге "Эмитент күнін" өткізді

2025 жылғы 15 сәуірде KASE "Кселл” АҚ басшы қызметкерлерінің қатысуымен “2024 жылдың IV тоқсанындағы және 12 айындағы қызметінің қаржылық нәтижелерін шолу” тақырыбында "Эмитент күнін" өткізді.

Эмитенттің спикерлері “Кселл” АҚ бас қаржы директоры, Басқарма мүшесі Сабиғат Рахметов және “Кселл” АҚ бас коммерциялық директоры, Басқарма мүшесі Қазбек Шаимов болды.

“Кселл” АҚ өкілдері компанияның 2024 жылғы қаржылық қызметінің негізгі нәтижелері, компания түсімінің өсуі, іске асырылған жобалары, оған қоса жаңа іске қосылған жаңа базалық станциялар туралы айтып берді. Компания менеджменті 2025 жылға арналған жоспарларын бөлісті және инвесторлардың, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылар мен БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.

 Кездесудің модераторы KASE Басқарма төрағасының орынбасары Ермек Мәжекенов болды.

“Кселл” АҚ – Қазақстанда дыбыстық мобильді байланыс, деректерді беру, мультимедиялық хабарламалармен алмасу және ұялы контентке қол жеткізу сияқты түрлі қосымша сервистерді (VAS) қоса алғанда, кең ауқымды қызметтерді ұсынатын жетекші мобильді байланыс операторы.