«Эмитент күні» «ҚазТрансОйл» АҚ

18 наурызда Қазақстан қор биржасында «ҚазТрансОйл» АҚ-мен «ҚазТрансОйл» АҚ қызметінің 2024 жылғы қорытындылары» тақырыбында Эмитент күні өтті. Іс-шараға бас директордың корпоративтік басқару жөніндегі орынбасары Алмас Оңғарсынов, бас директордың экономика және қаржы жөніндегі орынбасары Әміржан Оспанов, бас директордың көлік жөніндегі орынбасары Абай Бейсембаев, сондай-ақ «ҚазТрансОйл» АҚ құрылымдық бөлімшелерінің басшылары қатысты.
Шараға KASE Басқарма Төрағасының орынбасары Дана Аманжолова модератор болды.
Эмитент өкілдері 2024 жылғы өндірістік және қаржылық нәтижелер туралы айтып, компания қызметінің түрлі бағыттары бойынша сұрақтарға жауап берді.
«ҚазТрансОйл» АҚ магистральдық мұнай құбыры бойынша ұлттық оператор болып табылады. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобына кіреді. Ұзындығы 5,2 мың км магистральдық мұнай құбырларының әртараптандырылған желісіне иелік етеді, ұзындығы 5 мың км-ден астам өзге ұйымдардың құбырларына қызмет көрсету бойынша операторлық қызметтерді көрсетеді. «ҚазТрансОйл» АҚ бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізіміне енгізілген.