Салық салу
KASE-де бағалы қағаздармен жасалатын операциялардан алынатын табысқа салық салу шарттары (Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасында KASE-нің ресми тізіміндегі бағалы қағаздарға қатысты)
Салық туралы анықтамалық ақпарат
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 30-бабының 1-тармағына сәйкес салық төлеуші өзінің салық міндеттемесін орындауға бағытталған іс-әрекетті адал орындайды деп көзделген. Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 62-бабының 1-тармағына және 2-тармағының 3), 5) және 6) тармақшаларына сәйкес салық төлеуші салық міндеттемесін өз бетінше орындайды. Салық міндеттемесін орындау төмендегіні қамтиды:
- салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер, салық базасы мен салық мөлшерлемелері негізінде бюджетке төленуге тиіс салық пен төлем сомасын есептеу;
- салық есептілігін және Салық кодексінде белгіленген өзге де нысандарды жасау және салық органдарына тапсыру;
- есептелген және есепке жазылған салық пен бюджетке төленетін төлемдердің, сондай-ақ салық пен бюджетке төленетін төлемдер бойынша аванстық және ағымдағы төлемдердің сомаларын бюджетке төлеу.
Осы бетте орналастырылған мәлімет тек ақпараттық және анықтамалық сипатқа ие әрі Қазақстан Республикасы салық заңнамасының ресми түсіндірмесі немесе оны ресми талқылау емес. KASE уәкілетті мемлекеттік орган емес, салық заңнамасы нормаларына ресми түсіндірме бермейді және оны қолдану мәселелері, оның ішінде салық төлеушілердің құқығы мен заңды мүддесін қорғауға қатысты мәселелер бойынша ресми түсіндірме ұсынбайды.
Салық заңнамасын қолдану мәселелері бойынша ресми түсіндірмені Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдары, оның ішінде мемлекеттік кіріс органдары және тиісті өкілеттік берілген өзге де мемлекеттік органдар ғана береді.
Бағалы қағаздар нарығындағы салық салу
Инвестордың түріне қарай белгіленген мөлшерлеме мен жеңілдік
| Құралдар | Резидент заңды тұлғалар | Бейрезидент заңды тұлғалар | Резидент жеке тұлғалар | Бейрезидент жеке тұлғалар |
|---|---|---|---|---|
| Резиденттердің акциялары | Төлемейді ЖЖТ-дан алып тасталады | Төлейді, 15% | Төлемейді ССТ-дан алып тасталады | Төлемейді ЖТС – 0 % |
| KASE Global акциялары | Төлемейді ЖЖТ-дан алып тасталады | Төлейді, 15% | Төлемейді ССТ-дан алып тасталады | Төлемейді ЖТС – 0 % |
| Резиденттердің облигациялары (МБҚ-ны қоспағанда) | Төлемейді ЖЖТ-дан алып тасталады | Төлемейді КТС – 0 % | Төлемейді ССТ-дан алып тасталады | Төлемейді ЖТС – 0 % |
| Бейрезиденттердің облигациялары | Төлемейді ЖЖТ-дан алып тасталады | Төлейді, 15% | Төлемейді ССТ-дан алып тасталады | Төлемейді ЖТС – 0 % |
| ҚР Қаржы министрлігінің МБҚ | Төлейді, 10% мөлшерлеме 20%, табыстың 50% ЖЖТ-дан алып тасталады | Төлемейді КТС – 0 % | Төлемейді ССТ-дан алып тасталады | Төлемейді ЖТС – 0 % |
| ҚР-ның басқа МБҚ | Төлейді, 20% банктер – Ұлттық банкітің МБҚ бойынша 25% | Төлемейді КТС – 0 % | Төлемейді ССТ-дан алып тасталады | Төлемейді ЖТС – 0 % |
| Агенттік облигациялар | Төлемейді ЖЖТ-дан алып тасталады | Төлемейді КТС – 0 % | Төлемейді ССТ-дан алып тасталады | Төлемейді ЖТС – 0 % |
| "Астана Хаб" қатысушыларының акциялары | Төлемейді ЖЖТ-дан алып тасталады | Платят, 15% | Төлемейді ССТ-дан алып тасталады | Төлемейді ЖТС – 0 % |
| АХҚО қатысушыларының акциялары | Төлемейді КТС – 0 % | Төлемейді КТС – 0 % | Төлемейді КТС – 0 % | Төлемейді КТС – 0 % |