KZ
RU
EN
28 қараша 2026, 19:19
KZ
RU
EN
Кіру
27.11.2026 11:56 #Қаржы құралдары

27 қарашадан бастап жергілікті атқарушы органдардың облигацияларының бес шығарылымы KASE ресми тізімінің "Мемлекеттік бағалы қағаздар" секторына енгізілді

/KASE, 27.11.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының шешімімен 2026 жылдың 27 қарашасынан бастап KASE ресми тізімінің "Мемлекеттік бағалы қағаздар" секторына мынадай облигациялар енгізілді:

1) Батыс Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органының KZMJ00004513 (ZKK046_451; 1 000 KZT, 4 000 000 000 KZT; 46 ай; жартыжылдық купон, жылдық 15,19 %; 30/360) облигациялары;

2) Ұлытау облысының жергілікті атқарушы органыныңKZMJ00004521 (UTK046_452; 1 000 KZT, 721 466 000 KZT; 46 ай; жартыжылдық купон, жылдық 15,19 %; 30/360) облигациялары;

3) Ұлытау облысының жергілікті атқарушы органыныңKZMJ00004539 (UTK046_453; 1 000 KZT, 470 793 000 KZT; 46 ай; жартыжылдық купон, жылдық 16,51 %; 30/360) облигациялары;

4) Қызылорда облысының жергілікті атқарушы органының KZMJ00004547 (KOK046_454; 1 000 KZT, 8 558 061 000 KZT; 46 ай; жартыжылдық купон, жылдық 16,51 %; 30/360) облигациялары;

5) Қызылорда облысының жергілікті атқарушы органының KZMJ00004554 (KOK046_455; 1 000 KZT, 11 234 818 000 KZT; 46 ай; жартыжылдық купон, жылдық 15,19 %; 30/360) облигациялары.

Аталған облигациялар тұрғын үй құрылысындағы үлестік қатысу объектілерінде тұрғын үйлерді және (немесе) пәтерлерді салуды және (немесе) сатып алуды, кері сатып алуды, сондай-ақ ағынды суларды тазарту құрылыстары кешендерін, жылумен, электр энергиясымен, сумен жабдықтау және су бұру желілері мен жүйелерін салу және жаңғырту (қайта жаңарту, күрделі жөндеу) мақсатында шығарылды.

Аталған облигациялардың шығарылымдары туралы неғұрлым толық ақпарат толығырақ сілтемесі бойынша жарияланған.

[2026-11-27]