KZ
RU
EN
26 қараша 2026, 17:07
KZ
RU
EN
Кіру
26.11.2026 12:30 #Сауда-саттық ақпараты

30 қараша күні Қазақстан қор биржасында Еуропалық қайта құру және даму банкінің XS3578936158 халықаралық облигацияларына жазылым жүргізіледі

/KASE, 26.11.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 30 қарашасында KASE сауда-саттық жүйесінде Еуропалық қайта құру және даму банкінің XS3578936158 халықаралық облигацияларын төменде келтірілген талаптармен (Астана қ. уақыты) оларға жазылым жүргізу арқылы орналастыру жүргізілетінін хабарлайды.

Көрсетілген облигацияларға жазылым жүргізудің бастамашысы "Tencor Securities" АҚ (бұдан әрі – Сатушы) болып табылады.

--------------------------------------------------------------
Бағалы қағаздардың түрі:              халықаралық облигациялар
ISIN:                                 XS3578936158
------------------------------------ -------------------------
Жазылым жүргізілетін күн:             30.11.26
Орналастырудың номиналды көлемі, KZT: 14 000 000 000
Сатып алуға өтінімдердің түрі:        лимиттелген және нарықтық
Өтінімдерді қабылдау уақыты:          10:00–12:00
Мәмілелер жасалатын күн мен уақыт:    30.11.26, 15:00
Есеп айырысу жүзеге асырылатын күн
мен уақыт:                            02.12.26, 10:00
--------------------------------------------------------------

Осы жазылымды жүргізу талаптарына сәйкес аталған облигацияларды Сатушыға ашып көрсетілетін инвестор туралы қосымша ақпарат тізбесіне жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) немесе заңды тұлғаның атауы кіреді.

Өтінімдегі баға ретінде купондық мөлшерлеменің жылдық пайызбен көрсетілген, екінші ондық таңбаға дейінгі мәні көрсетілуі тиіс.

Өтінімдегі қаржы құралдарының саны ретінде KZT-мен номиналды көлем көрсетілуі тиіс. Лот бір облигацияға тең, өтінімнің ең төменгі көлемі 1 000 KZT құрайды.

Жазылымға қатысу үшін өтінімдер KASE "қор" санатындағы мүшелері арқылы ғана беріледі. KASE мүшелерінің санаттар бойынша толық тізімі толығырақ сілтемесі бойынша жарияланған.

Есеп айырысуды "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ жүзеге асырады.

Мәмілелер жасасу ережелері толығырақ сілтемесі бойынша жарияланған.

[2026-11-26]