2026 жылдың 10 айында Батуми мұнай терминалы арқылы мұнай құйылатын жүкті ауыстырып тиеу көлемі 2,5 % өсті
/KASE, 17.11.26/ – "ҚазТрансОйл" АҚ (KASE тикері – KZTO) төмендегіні хабарлады:
дәйексөздің басы
2026 жылдың қаңтар–қазан айларында "ҚазТрансОйл" АҚ-тың шетелдік активі – "Батуми мұнай терминалы" ЖШҚ (БМТ) арқылы мұнай құйылатын жүкті ауыстырып тиеу көлемі 1 млн 572 мың тоннаны құрады. Бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 38,5 мың тонна немесе 2,5 % көп.
БМТ өндірістік көрсеткіштерінің оң серпіні шикі мұнай мен авиациялық керосинді ауыстырып тиеудің қайта басталуымен, сондай-ақ бензинді ауыстырып тиеу көлемінің ұлғаюымен қамтамасыз етілді.
Осылайша 2026 жылдың 10 айында терминал арқылы 262,7 мың тонна қазақстандық мұнай ауыстырып тиелді, ал 2025 жылдың сәйкес кезеңінде бұл көрсеткіш нөлге тең болған.
Бензинді ауыстырып тиеу көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 75,4 мың тоннаға немесе 31,3 % ұлғайып, 316,5 мың тоннаға жетті.
дәйексөздің соңы
Баспасөз хабарламасының қазақ тіліндегі толық нұсқасы – толығырақ
Баспасөз хабарламасының орыс тіліндегі толық нұсқасы – толығырақ
Баспасөз хабарламасының ағылшын тіліндегі толық нұсқасы – толығырақ
[2026-11-17]