Бүгін Қазақстан қор биржасында 1,0 млн KZ2P00020753 (QBTMb1) "QAZAQ BITUM Processing" ЖШС облигацияларын орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өтеді
/KASE, 05.11.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) бүгін KASE сауда-саттық жүйесінде "QAZAQ BITUM Processing" ЖШС KZ2P00020753 (KASE негізі алаңы, "облигациялар" санаты, QBTMb1) облигацияларын орналастыру бойынша төменде келтірілген шарттарда (Астана қ. уақыты) мамандандырылған сауда-саттық өткізілетінін хабарлайды.
-------------------------------------------------------------------------------
Бағалы қағаздардың түрі: купондық облигациялар
ISIN: KZ2P00020753
KASE сауда-саттық коды: QBTMb1
Номиналды құны, теңге: 1 000,00
Шығарылым көлемі, теңге:
– тіркелген: 5 000 000 000
– орналастырылған: –
Айналымның басталу күні: облигацияларды орналастыру
бойынша алғашқы жүзеге асқан
сауда-саттықты өткізу күні
Айналымның соңғы күні: кейінірек анықталады
Өтеудің басталу күні: кейінірек анықталады
Өтінім беру мерзімі: 2 жыл (720 күн)
Купон мөлшерлемесі: жылдық 22,00 %
Купондарды төлеу мерзімділігі: жылына 4 рет
Купондарды төлеудің басталу күндері: кейінірек анықталады
Уақыттық база: 30 / 360
----------------------------------------- -------------------------------------
Сауда-саттық күні: 05.11.26
Орналастырудың жарияланған көлемі, KZT: 1 000 000 000
Лот мөлшері, дана.: 1
Сауда-саттық заты: "таза" баға
Сатып алуға өтінім түрі: шектелімді
Өтінім беру тәсілі: жабық
Өтінімдерді қабылдау уақыты: 10:00–16:00
Өтінімдерді растау уақыты: 10:00–16:00
Кесімдеу уақыты: 16:30 (Т+0)
Төлем күні мен уақыты: 05.11.26, 16:30
Өтінімдерді кесімдеу әдісі: бағалары кесімдеу бағасына тең
немесе одан төмен өтінімдер
кесімделеді
Өтінімдердің бағасына қарай шектелімді бірыңғай кесімдеу бағасы бойынша
өтінімдерді қанағаттандыру тәсілі:
Шектелімді өтінімдерді беру кезектілігіне қарсылама өтінімдерді қабылдау
қарай оларды қанағаттандыру тәсілі: уақыты бойынша
Сауда-саттықты өткізудің бастамашысы: "Teniz Capital Investment Banking" АҚ
-------------------------------------------------------------------------------
Баға ретінде өтінімде бағалы қағаздың номиналды құнының пайызымен үтірден кейінгі төртінші таңбаға дейінгі дәлдікпен көрсетілген облигациялардың "таза" бағасы (жинақталған сыйақыны есепке алмағанда) көрсетілуі тиіс.
Қаржы құралдарының саны ретінде өтінімде облигациялардың саны данамен көрсетілуі тиіс. Өтінімдегі қаржы құралының саны лоттың мөлшеріне тең немесе еселенген болуы тиіс, 1 000 000 дана (номиналы 1 000 000 000 KZT).
Өтінім көлемі ретінде өтінімде көрсетілген облигациялар санының және бір облигацияның "таза емес" бағасының (жинақталған сыйақыны ескере отырып) туындысы көрсетілуі тиіс.
облигациялардың кірістілігін және облигациялармен жасалған мәмілелер сомасын есептеу әдістемесінің 4 тарауына сәйкес есептеледі толығырақ
Есептесулерді "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ өзінің ережелер жинағына сәйкес жүзеге асырады. Бағалы қағаздарды сатып алушы "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ шотында өзі сатып алған бағалы қағаздарға ақы төлеуге ақшаның төленетін уақыт кестесінде көрсетілгенге дейін болуын қамтамасыз етуге міндетті.
Сауда-саттыққа қатысу үшін өтінімдерді тек KASE қор нарығының мүшелері ғана бере алады. Басқа инвесторлар осы заңды тұлғалар арқылы өтініш бере алады. KASE мүшелерінің толық тізімі мына сілтеме бойынша жарияланған толығырақ
Сауда-саттықты жүзеге асыру ережелері мына сілтеме бойынша жарияланған: толығырақ
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толық ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланған: толығырақ
[2026-11-05]