KASE өзінің интернет-ресурсында Freedom Holding Corp. компаниясының Қазақстанның өңдеуші салаларының қазан айына PMI шолуын жариялады
/KASE, 02.11.26/ – Freedom Holding Corp. Қазақстан қор биржасына (KASE) 2026 жылдың қазан айындағы Қазақстанның өңдеуші салаларының іскерлік белсенділік индексіне (PMI) шолу ұсынды.
Төменде Freedom Holding Operations ЖШС Экономикалық зерттеулер және талдау жетекшісі Салтанат Мұхамбеталиеваның пікірлері келтірілген:
"Қазан айының нәтижелері Қазақстанның өңдеу өнеркәсібіне қатысты сақтықпен оптимизм танытуға негіз береді. Бұған ең алдымен ірі өндірушілер арасындағы құлдыраудың бәсеңдеуі ықпал етті. Алайда жекелеген сегменттердегі іскерлік көңіл күйдің жақсаруы әзірге сұраныстың қалпына келуінен озып отыр. Химия өнеркәсібі мен металлургияда алдағы жылға қатысты күтулер жақсарғанымен, тапсырыстар азаюда, ал шикізат қорларының қысқаруы өндірістің шикізат пен құрамдас бөлшектер жеткізілімдерінің кешігуіне осалдығын арттырады. Тамақ өнеркәсібінде теңгенің нығаюы аясында импорттық дайын өніммен бәсеке қосымша кедергі болуы мүмкін. Факторлардың жиынтығын ескерсек, сектордың алдағы динамикасы келіп түсетін жаңа тапсырыстардың көбеюіне ғана емес, кәсіпорындардың қолайсыз ішкі және сыртқы конъюнктура жағдайында маржиналдылықты сақтау қабілетіне де байланысты болады".
Қазақ тіліндегі шолу – толығырақ
Орыс тіліндегі шолу – толығырақ
Ағылшын тіліндегі шолу – толығырақ
[2026-11-02]